Тәтті тоғаштар

Тәтті тоғаштар
жеке
блог

   Томпақ, тəбетіңді ашып тұратын, əр-түрлі безендірілген, əсіресе  кішкентай балалар сүйіп жейтін тәтті. Ондаған, тіпті жүздеген жасалу жолы  бар. Ойлап тапқан ел біреулер ағылшындар десе, біреулер еврей ұлты дейді. Əлемде өте тез тараған және көп жасалатын тағамдардың бірі екен. Қысқасы, мұндай дəмді  тағамды ойлап тапқан ұлтқа алғыс айтып, сіздермен керемет рецептімен бөліскім кеп отыр. 

Құрамы: Ашытқы- 50 г.

Қант- 50 г.

Бір шымшым тұр

Жылы су- 250 г.

Ұн- талғамыңызға қарай

Қамыр ашытқысы (разрехитель теста)

Айыран (кефир)- міндетті емес.

Жұмыртқа- 1 шт.

Алдымен қант, тұз, ашытқы және суды араластырамыз да аз уақытқа қоя тұрамыз (5 мин). Кейін оған ұн, жұмыртқа жəне қамырашытқысын қосамыз. 

Бірін араластыруға, қамыр илейміз.Кем дегенде 15 минут қоя тұрамыз.

Кейін қамырдан дөңгелек тоғаш пішінін жасаймыз да, күнбағыс майына қуырамыз.

Екі жағын алмастыра, қызартып пісіреміз. 

Піскен тоғаштарды суығанша қоя тұрамыз.

Суыған соң үстіне шоколад ерітіп, немесе басқа да глазурь қоюға болады.

Мен кәдімгі сгущёнка мен какао  ұнтағынан жасалған глазурь құйдым.

Үстіне қант ұнтағын (сахарная пудра) септім. Бұл тәтті менің кішкентай інілеріме ғана емес, үйдің үлкендеріне де қатты ұнады. Сіз де ұнатасыз деген үміттемін. Астарыңыз дəмді  болсын!