Тәтті-пәтті

 Мен ас әзірлеуді жанымдай жақсы көретіндіктен, апта сайын түрлі тағамдарды дайындап, үйренудемін. Дайындаған тағамдардың құрамын, дайындалу жолдарын сіздермен бөлісу, маған үйреншікті әдетке айналды. Әр қыз баласы, асхананың ханшайымы болғандықтан, әртүрлі тағам түрлерін дайындап білуі қажет деп ойлаймын.
 
     "Банан қосылған оладьи"
 
2 жұмыртқа;

2 банан;

Дайындалуы өте оңай, әрі ұнсыз, қантсыз дайындалады.

Алдымен, бананды тазалап, шанышқы көмегімен еземіз.
Жұмыртқаны бөлек ыдысқа салып, венчик көмегімен араластырамыз.
Содан соң, бананмен жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырамыз.
Қалауыңыз бойынша, жаңғақтар салуыңызға да болады.

Отқа кішкене май құйып, екі жағын бірдей етіп, пісіріп аламыз.
 Дайын болған тәттіні таңға асқа ұсынуыңызға болады.

Асыңыз дәмді болсын.


Ағылшын тілін үйренуге деген құштарлығым күннен күнге артуда. Леомен дайындалған маған қатты ұнайды.  Жетістіктерім едәуір арту үстінде.



Бөлісу: