Тарихты білмей болашақты бағдарлау мүмкін емес! (байқау)

Сәлеметсіздер ме? Байқаудың болып жатқанына да, міне 1 ай болды. Осы уақыт ішінде алға қойған мақсаттарымыздың бір бөлігі орындалды. Алдағы уақытта мақсатымызға толықтай жетеміз деп ойлаймын. Бүгін мен сіздермен өзімнің қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ге дайындығымды бөліскелі отырмын.

Тарих – түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүние де түзушіліктің кітабы. Тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. 

Тарихты тек ҰБТ үшін емес, өз еліңнің, халқыңның тарихын білу үшін оқу керек. Менде осыны мақсат еттім. 

Алдымен өткен сыныптарды қайталауды бастап кеттім. Қазір 7-сыныптың қазақстан тарихын оқып жатырмын. Оқулықтың хронологиялық мерзімі біздің заманымыздың VI ғасырынан XVII ғасырдың аяғына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңді орта ғасырлар дәуірі деп атайды.

Орта ғасырардағы Қазақстан тарихы негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші- Қазақстан тарихының ерте ортағасырлық кезеңі (VI-IXғ.). Екіншісі- Қазақстанның дамыған ортағасырлық кезеңі (X-XIVғ). Үшінші - біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі(XV-XVIIғ.).

Мен бірінші кезеңін, яғни Қазақстан тарихының ерте ортағасырлық кезеңін оқып бітірдім. Енді екінші кезеңін оқып жатырмын. Екінші кезеңде Қарахан, Қыпшақ мемлекеттерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы, сонымен қатар сол кезеңдегі қалалық мәдениеттін дамуы, суармалы жер шаруашылығының өркендеуі, ірі қала кенттер мен Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың гүлденуі туралы айтылады.

Мен алғашқы тарауын оқып аяқтадым. Тарау бойынша конспект, тірек сызбалар хронологиялық кесте жасадым.

Және сынақ кітапшаларын орындадым. Нәтежиесі жақсы. Алдағы уақытта одан да жақсы нәтежиеге жетемін деп ойлаймын. 

Алда сіздермен орта ғасырлардағы ғұлама ғалымдар мен Ұлы Жібек жолы бойындағы дамыған қалалар туралы бөлісетін боламын.



Бөлісу: