Тарих - өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі (байқау)
блог
Тарих – түзу, жөнді үйретуші, тіршіліктің жолбасшы. Өз тарихын жоғалтқан жұрт, өз тарихын ұмытқан ел- келешекте басына қандай күн туатынын да білмейді.
Мен қазір 7-сынып Қазақстан тарихының екінші кезеңі, яғни дамыған орта ғасырлардағы қазақстан туралы оқып жатырмын. Бұл кезең алты тараудан тұрады. Бұл тарауда Ұлы Жібек жолы, сол кезеңдегі Қазақстанның саяси жағдайы, қазақ халқының қалыптасуы, қала мәдениетінің дамуы туралы айтылады.
Сонымен қатар бұл кезеңде аттары әлемге танымал Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, Махмуд Қашғари, Жүсіп Баласағұни сияқты әлемге әйгілі тұлғалар дүниеге келген. Бұл ғұлама ғалымдарымыздың еңбектерінің ғылыми құндылығы бүгінгі күннің өзінде өз маңызын жойған емес.
Алайда бұл кезеңде жерімізде өркениет дамып келе жатқанда Маңғол шапқыншылығына тап болды. Қалалар қирап, мәдениеттің құлдырау күйін кешті. Одан кейін Әмір Темір шапқыншылықтары басталды. Бұл шапқыншылықтар еліміздің тарихында өз ауыр зардаптарын қалдырды.
Бұл кезеңнің ерекшелігі - түрік тілдес ру - тайпалардың тілі және саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып, ұлттық арнаға түсуі түбегейлі жүзеге асты. Ең бастысы қазақ халқы қалыптасты.
Осымен екінші кезеңді толық оқып аяқтадым. Әдеттегідей қысқаша конспект, хронологиялық кесте, тірек сызба жазып отырдым.
Онлайн тест тапсырдым. Нәтежиесі жаман емес.
Алдағы уақытта сіздермен кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан, біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы бөлісетін боламын.