Тарих- ғасырлар куәсі (байқау)

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.

Мен қәзір 6 сынып Ежелгі қазақстан тарихының екінші кезеңін қайталап жатырмын. Яғни, Қазақстан жеріндегі тас ғасыры.

Тас ғасыры-адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Ол дәуірдегі алғашқы адамдар тасты құрал, қару ретінде пайдаланған. Сондықтан ол кез тас ғасыры деп аталады. Тас ғасыры палеолит, яғни ерте тас ғасыры және неолит- жаңа тас ғасыры болып екіге бөлінеді. 
Палеолит пен неолиттің арасындағы кезең мезолит деп аталады. 
Палеолит өз ішінде төменгі (ерте), ортаңғы (мустье) және жоғарғы (кейінгі) палеолит болып бөлінеді.

Бұл кезеңде алғашқы адамдар топтасып өмір сүрген. Өйткені топ болып аң аулау, қауіп-қатерден сақтану оңайға түседі.Жан-жануарларды қолға үйретіп, мал асырай бастады. Ғылымда бұл оқиға «неолит төңкерісі» деп аталады. Адамдар арасында алғашқы діни ұғымдар пайда болды. Дін жаратушы иеге, құдіретті күшке сенуден туындаған амал-әрекет, іс-қимыл жиынтығы.

Осымен екінші кезеңді аяқтадым. Екінші кезеңді қайталап отырып, қосымша дәптеріме қысқаша маңызды жерлерін қысқаша жазып отырдым. 


Жәнеде онлайн тест орындадым. Нәтижесі жақсы.

Адам өз тарихын білмей,ұлт болып қалыптаса алмайды, ал тарихын білмеу надандық! Балаға ерте жастан бастап, тарихты оқытып, қазақтың қалай ел болғанын әрбір отбасы санасына сініріп отырса, жау ала алмайтын мықты ел боламыз!



Бөлісу: