...Танимысың сен мені? Мен Қазақтың баласы! (Байқау)

Ассалаумағалейкум қазақ елі және Масссагет оқырмандары. Сөз алдын өзімді таныстыруыммен бастайын. Қазақ алдымен өз елін, туған топырағын атап, одан ілгері жөнін айтқан. Мен найза ұстап, жауға шауып, Әбілқайырдың әміріне бой ұсынып, Әйтекенің тәлімі ой ұсынған киелі кіші жүздің топырағынан боламын. Оның ішін де еліміздің "мұнайлы" астанасы атанып кеткен Атыраудай обылыстың миллионнан бір тұрғынымын, өскелең ұрпағымын, бетке ұстар ұланымын. Әрине қаланың өзінен емес, Құрманғазы ауданнының, Жыланды селосынында тұрамын. Аты-жөнім: Төлегенов Ғасырбек. Руым: Масқар.

Өмірлік ұстанымым: Мүмкін емес нәрсенің бәрі мүмкін. Йя, йя солай мүмкін емес деген сөз, мүмкін емес деген нәрселерді жасырады. Барлығы мүмкін, тек мақсат қойылса жеткілікті.

Өмірде еліктейтін тұлғаларым: жоқ, себебі мен ешкімді еліктеп, пір тұтпаймын. Дүниеге түпнұсқа болып келгенмін, сондықтан ешкімге еліктемей, керісінше басқалар маған еліктейтіндей әрекет жасағым келеді, жасап та жатырмын.

Хобби: Хобби - бұл ерекше нәрсе. Көбінесе техникалық құралдарды жөндеп, өз қолымнан тамаша зат құрастырғанды жақсы көремін. Доп теeіп, спортпен айналысу өз алдына.

Бос уақытында айналысатын ісім: Компьютерде отырып фотомонтаж және видеомонтажбен айналысу. Жалпы бос уақыт менде көп жоқ. Көбінесе жақындарымның қасында уақыт өткізгенді ұнатам. Жалпы адамда бос уақыт деген болмауы тиіс, себебі уақыт өлшеулі ңәрсе, оның бос дейтіндей бөлігі жоқ деп ойлаймын.

Бауқауға не себептен қатысуға ниет білдірдің: Жалпы мен байқау болмаса да өзіме мақсат қойып жету жоспарын дайындап жатқанмын. Бірақ күнделікті осы сайтқа кіруімнің арқасында, осы байқауға көзім түсіп, қатысуға ниет білдірдім. Себебі мақсатыма қалай жеткенім жайлы өзгелермен бөліскім келді. Мақсатқа жету бұл қуаныш. Ал қуаныш деген математика заңына бағынбайтын жалғыз ерекше сезім. Себебі қуанышты бөлген сайын көбиеді.

Алдағы уақытта Massaget.kz порталына ұсынысым: Фотошопқа, видеомонтажға байланысты байқау болса. Өйткені қазіргі заман осындай нәрсені көп талап етеді.

Байқау туралы жеке пікірі: Байқау бұл өзіміздің деңгейімізді байқауға көп септігін тигізеді. Байқауға қатысатын топтар әлсіз емес, мықтылар. Бірақ біз басып озамыз, өйткені біз "Сәйгүлікпіз". Сөзімнің төркінін түсініп тұрған шығарсыздар.

Әзірге сау болыңыздар!



Бөлісу: