Талпынған жетер мұратқа

Сәлем, Массагеттік достарым! Бүгін сіздерге алға қойған мақсаттарымды таныстыратын боламын.

Жазғы демалысымды бос өткізгім келмегендіктен түрлі қызықты дүниелермен айналысуды жөн деп шештім. Бірінші мақсатым - техникалық құралдарды, тұрмыстық заттарды (пластмасса бөтелке, сусын қалбыры, тор мата, электрлік сым, т.б.) пайдалана отырып өз бетімше құрастыру. Оның қатарында шаңсорғыш, бұрғы (дрель), электронды ара (пила), миксер, т.б. құралдар бар.

Екінші мақсатым - шынығу. Алдағы уақытта жаттығу алаңында жаттығу жасап, каратэден шеберлік жаттығулар көрсететін боламын. 

"Тәуекел түбі - жел қайық, өтесің де кетесің" дегендей мақсатыма жету үшін барымды салатын боламын.

Сайыста топтық жеңістің маңызы зор деп санаймын. Жұмылған жұдырықтай біріге күш салып, тобымыздың дәуірлеуіне үлес қоссақ нағыз жеңіс сол болар еді. 

Ал, достар, барлығыңа сәттілік тілеймін!



Бөлісу: