Тақта үстіндегі шайқас (БАЙҚАУ)
блог
Ми жұмысының жақсарумен қоса, денсаулығымызға оң септігін тигезетін ойын дегенде тіл ұшына бірден шахматтың келері сөзсіз. Ойналуы, әлбетте, жаза қойғанмен түсініксіз болуы мүмкін, сондықтан қызықты мәлімет қалдырайын.
Үнді аңыздары бойынша, билеуші Шерам шахматпен ең алғаш танысқан кезде, оның өзгешелігіне, әр түрлі әдемі комбинациялардың байлығына масаттанады. Осы ойынды ойлап шығарған дана өзінің қол астында екенін біліп, билеуші оған ерекше алғыс білдіргісі келеді. Осылайша, данышпанның кез келген бұйымтайын орындауға уәде береді. Ал дана оны бидай дәнімен таң қалдырады. Берілген шарт бойынша данышпанға шахмат тақтасының бірінші шаршысына бір, екінші шаршысына екі, ал келесі шаршыларға бұрынғыдан екі есе артық (1 + 22 + 23 + 24 + … + 263 = 264 – 1) бидай дақылдары берілуі тиіс еді. Есептеушілер бұл санды түні бойы есептеп, таңертең ғана математикалық шешімге келіп, оның мүмкін емес екенін әміршіге түсіндіреді. Себебі, данышпан айтқан сан- бүкіл Үндістанның бидай дәндерінің санына, тіпті бүкіл әлемнің бидай дәндерінің санына жетпейді екен. Бұл сан - 18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 073 миллиард 709 миллион 551 мың 615. Осы мысал арқылы біз математиканың шахматта жасырған таңғажайып мүмкіншіліктеріне көз жеткізе аламыз.
Небір ғұламалар мен даналарды, саясаткерлерді біршама уақыт бойы өзіне жіпсіз байлаған шахмат ойыны біздің дәуірімізге дейін он ғасыр бұрын Үндістанда пайда болған екен.
1924 жылы әлемнің 200-ге жуық елі мүше болып табылатын Әлемдік шахмат федерациясы құрылды. Бертін келе, 1966 жылдың 20-шілдесі Халықаралық шахмат күні болып бекітілді. Біздің Отандастарымыз да әлемнің түкпір- түкпіріндегі байқауларда дәл осы спорт түрінен үлкен жетістіктерге жетіп үлгергені көпшілікке мәлім.
Ал сіз, шахмат ойнай аласыз ба?