Тағы соғыс немесе мені майданға жіберулеріңізді өтінемін! (байқау)
блог
Қайырлы күн, Батыр бабалар ұрпағы!
ҰБТ-ға дайындық қызу жүріп жатыр. Осы дайындық барысын сіздермен бөліспекпін. Өздеріңіз білетіндей, тарих пәнін жетік меңгеремін деп мақсат қойғанмын. Сол ойымды жүзеге асырудамын. Кітап оқу барысында ең маңызды деген тақырыптарды сіздермен бірге игермекке бел будым.
Соғыс. Осы сөзді естісең денең түршігеді. Аты суық. Осы сөз астарында қаншама көз жас, қаншама адам тағдыры жатыр. Бүгін сіздермен тұтас әлемді дүрліктірген "дүниежүзілік" деп аталатын қан майданның "Ұлы Отан соғысын" қайталамақпын. Атауының өзі жігерлендіреді. Сан ғасырлардан аман келе жатқан ұлан-ғайыр атырабымызға фашизм көз тікті. Алайда ұлы дала көшпенділерінің ұрпағы болған намысты тұлғаларымыз ол ойларын орындауға мүмкіндік бермеді. Ал енді нақтылап аға-әпкелеріміздің ең ерен ерліктерін тізбектеп берейін:
Қазақ КСР-інде құрылған 14 атқыштар, атты әскер дивизиясы, 6 бригада майданға аттанды
Брест қамалын қорғаған қазақстандықтар – А.Каганов, В. Фурсов, Қ.Турдиев, Ш.Шолтыров.
1965 жылы Брест қамалына батыр қамал атағы берілді.
1941 жылы 20 қыркүйекте жаудың басым күшімен үш тәулік бойы – дивизия кимиссары Е.П.Рыков 800 жауынгерімен шайқасты.
Полтаво облысының Шумейково тоғайындағы ұрыста Ертіс өңірінің даңқты перзенті Евгений Павлович Рыков ерлікпен қаза тапты.
Танк әскерінің генерал-майоры К.А.Семенченкоға КСРО жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен 1941 жыл 22 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Генерал-майор И.В.Панфилов және полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен 316 – атқыштар дивизиясы Мәскеу түбінде ерлікпен шайқасты.
Мәскеу түбінде фашистер 500 мыңнан астам адамынан, 1300 танкіден, 2500 зеңбіректен, 15 мыңнан астам техникасынан айырылды.
Мәскеу үшін шайқаста Кеңес Одағының Батыры атағын – М. Ғабдуллин, Т.Тоқтаров алды
Б.Момышұлы - батальон, полк командирі болды
Германияның Мәскеуге арналған соғыс жоспары – «Тайфун» деп аталды.
316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі үшін – 8 гвардиялық дивизия болып құрылды. Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бауыржан Момышұлы 1990 жылы қайтыс болды, Оған Кеңес Одағының Батыры атағы 1990 жылы берілді, 1995 жылы Қазақстан Халық Қаһарманы атағы берілді. 316 атқыштар дивизиясына Старая Руссадан Холмге дейінгі «қарлы жорықтағы» шебер қимылдары үшін 1942 жылы Ленин ордені табыс етілді. 1941 жылы 18 қарашада дивизия командирі – генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. 316 атқыштар дивизиясы сарбаздары өздерін мақтанышпен «панфиловшылар» деп атады.
Мәскеу түбіндегі жеңіс – «неміс әскерінің жеңілмейтіні» туралы аңызды сейілтті. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
Жанған ұшағын жау тобына бағыттап құлатқан ұшқыш – Бақтораз Бейсекбаевке 1996 жылы Ресей Федерациясының Батыры, 1998 жылы Қазақстан Халық Қаһарманы атағы берілді.
Ока жағалауында, Серпухов түбінде, Воронино қыстағында А.Имановтың ұлы, автоматшы - Рамазан Амангельдиев 13 фашистің көзін жойды. 1642 жылы 3 мамырда Р.Амангельдиев Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Ленинград үшін шайқаста кеудесін жау оғына төсеп А.Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағамбетов Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
1941 жыды қыркүйекте Жамбыл Жабаев ленинградтықтарға – «Ленинградтық өрендерім» деген жыр арнады.
Синельниково қаласының маңында, 7-гвардиялық атты әскер дивизиясының 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетін басқарған, Жамбылдың ұлы Алғадай ерлікпен қаза тапты.
Алматыдағы ҚММУ студенті Мәншүк Мәметова әскери комиссариатқа – «Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді майданға жіберулеріңізді өтінемін» деп хат жолдады.
Невель қаласы үшін шайқаста 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасынынң пулеметшісі – Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Ленинград шайқасында қоршауда қалған 850 мың бейбіт тұрғын қаза болды. Ленинград қоршауы – 1943 жылы қаңтарда – 900 күннен соң бұзылды. Ленинград басқыншылардан 1944 жылы толық азат етілді.Ленинград үшін Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза болды. Мерген Ә.Молдағұлова 3-дәрежелі Даңқ ордені, 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
19445 жылы 16 сәуірде Берлин операциясы басталды. Берлин үшін ұрыстар өз әскерін ерлікпен бастап кірген – Кеңес Одағының Батыры, ҚР Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов.
Рейхстагқа жеңіс туын желбіреткен – қазақ сарбазы Рақымжан Қошқарбаев, серігі – Г.Болатов.
Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар саны 497, оның 97-сі қазақ, оның 2-і қазақ қызы.
2 рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық ұшқыштар –Талғат Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Луганский
3 рет Кеңес Одағының Батыры атағын иемденген – Шымкенттегі Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі И.Н.Кожедуб
Ұлы Отан соғысына 100-ге жуық қазақ ақын-жазушылары қатысты.
Қазақстан майдан шебіне 1 млн 200 мың әскерін жіберді.
Бұл ерліктердің бір бөлігі ғана. Бұл соғыстағы Батырлар жайлы түгел айтып жеткізу мүмкін болмас. Ардагерлерімізді, Батырларымызды, Қаһармандарымызды қастерлеп жүрейік. Олар болмаса біз мына бейбіт өмірде қалам шертіп көңіліміздегіні жасай алмаған болар едік. Олардың арқасында мынадай жайлы өмір бізге бұйырды. Ендеше осының қадірін біле жүрейік.
Сіздің Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарыңыз болса немесе қандай да бір батыр жайлы ерлік жасалған оқиға білесіз айта отырыңыз