Тағы бір тәтті (байқау)

Тағы бір тәтті  (байқау)
жеке
блог

Сəлем, Массагеттің оқырмандары! Бүгін сіздермен дəмді торттың жасалуы жолымен бөліскім келіп отыр. Бұл құрам бойынша "тағам дайындай алмаймын" деген адамның өзі тортты жасай алады.

Бисквиттің құрамы: 

5 жұмыртқа

1 кесе қант

1 кесе ұн

50 г ашытқы (қазақшасын дұрыс аудардым ба білмедім. Орысша "разрехитель теста")

Тағамға арналған бояғыштар

Кремнің дайын түрін сатып алуға немесе өзіңіз жақсы көретін кез- келген кремдіАқосуға болады. Мен печениеден жасалатын крем қолдандым.

Жасалуы: жұмыртқаны миксердің көмегімен араластырамыз. 

Қант қосып, ақшыл түске келгенше соғамыз. 

Ашытқы мен ұнды араластырып, қосамыз да тағы соғамыз. Қоймалжың,  қою қаймақ тəрізді қамыр пайда болады.

Енді бірнеше шағын ыдыстарға бөліп бояғыштар қосып, суреттегідей құямыз.

Бетін əдемілеп, орташа температурада пеште ұстаймыз. 

Піскен соң, екіге немесе үш бөлікке бөлеміз (жұмсақ болсын десеңіз ортасына сироп құйса болады). Суыған соң кремін жағып, салқын жерге қоя тұрамыз.

Əрі қарай тіліп, жақындарыңызға ұсына беруіеізге болады. Астарыңыз дəмді болсын!