Тағы бір асу артта қалды (байқау)

     Барша Массагеттің оқырмандарына сәлем!

     Мақсатымның тағы бір белесін бағындырдым. Осы аптада Стейс Крамердің "50 дней до моего самоубийства" деп аталатын кітабын оқып бітірдім. Иә, аты кішкене ерсілеу ме, қорқынышты ма, әйтеуір, ең алғаш бұл кітапты оқыр кезде жүрексінгенім рас. Осыдан тура бір жыл бұрын танысқан ем бұл кітаппен. "Жақсы кітап- досың. Егер оқыған кітабыңды қайта оқысаң - ескі досыңмен жолыққандай күйде боласың". Дұрыс жеткізе алдым ба білмеймін. Бұл сөздерді оқыған кітаптарымның бірінен кездестіргем. Және осы сөздердің мәнін оқыған кітабымды қайта оқығанда, басқаша айтқанда - ескі досыммен қайта қауышқан мезетте түсіндім.

     Бұл кітап не жайында? Бұл кітап жасөспірім қыз Глорияның басынан өкен түймедей қиындықтардың бүкіл өміріне қалай әсер еткендігі жөнінде. Өз- өзіне қол жұмсағысы келіп, ақыр соңында бұл шешімінің қате екенін түсініп, өмірде одан да бетер қиналып жүрген жандардың барын ұғынды. Бұл кітапта көптеген нәрселер бар. Ақылға қонатын да, қонбайтын да. Бар ұсақ- түйектерін айтып іш пыстырғым келмейді, бірақ, айта кетуім керек: әр оқыған сайын ұзақ дегенде екі күнде оқып шығатын, ұйықыңды ұрлап, бір бастасаңыз жібермейтін, мені шын жылатқан, шын күлдірген, оқыған соң көп күн бойы қайтадан шақырып тұратын өзгеше кітап мен үшін. 16-17 жас шамасындағы жандарға ұнайтыны сөзсіз. Бұдан кейін қашан оқитынымды білмеймін, мүмкін өсіп кеткен соң ұнамай қалатын шығар... Не дегенмен қазіргі сезімдерімді ұмытқым келмейді, әр оқыған сайын дәл осы сезімді бастан кешкім келеді, көңілім қалмаса екен бұл кітаптан...

     Оқимын деушілер кез- келген кітап дүкендерінен таба алады деп ойлаймын. Егер таба алмасаңыздар ғаламтордан онлайн түрде оқи аласыздар.

 



Бөлісу: