Сіздің сұрағыңыз қандай?

Сіздің сұрағыңыз қандай?
жеке
блог

         Мақсатқа жету жолындағы байқаудың ендігі бел ортасына да жақындадық. Берілген екі айдың біріншісін артта қалдырып, шілденің соңғы жазбасына да келіп жеттік. Алғашқы ай аяқталғанымен бар қиындық алда. Келесі айда бар жауапкершілікті сезінуге тура келеді. Жеткен мақсаттарымыздан ой түйіп, қалғандарын бағындырып, байқауды қорытындылай түсуге жақындататын кезең алда. Осы жолда барлық байқау қатысушыларына сәттілік тілеймін!77

          Бұл жазба «Шешімі қиын сұрақтардың» соңғы бөлімі болмақ.

Шешімі қиын сұрақтар 5 бөлім (қорытынды)

1)    Соңғы рет сіз қашан белсенді әрекетке көшіп, ойлаған ісіңіздің жүзеге асарына үлкен сеніммен қарадыңыз?9808

Жауабы: Мен әркез жаңа кітап немесе шығарманы оқуға кіріспес бұрын, одан өз керегіме жарар бір ой түйеріме сене отырып,  оны оқуды қолға аламын.

2)    Сіз өміріңіздің 10 жылын әлемдік атаққа немесе жетістікке ауыстырар ма едіңіз?21

Жауабы: Жоқ. Мен 10 жылда өз күшіммен одан да биік шыңдарды бағындыратыныма сенемін. Өмірімнің 10 жылын әлемдік атаққа айырбастағанның өзінде, одан кейінгі өмірім сүреңсіз болар еді. Себебі мен ол атаққа өз еңбегіммен жеткенім жоқ. Сол себепті оны бағалай алмас едім.

3)    Өмір мен өмір  сүрудің айырмасы қандай?3000

Жауабы: Өмір сүру көпшіліктің пікірінде өмір заңдарымен жүру дегенді білдіреді. Ал өмір өзгерістердің бастау алып, өмір заңдарының күйрейтін кезі.

4)    Тәуекелге барып, өзіңіз сенетін іске белсене кірісетін кезіңіз қашан деп ойлайсыз?тау

Жауабы: Өзім сенетін, ұнататын істі тапқанда.

5)    Егер біз өз қателіктерімізден сабақ алатын болсақ, онда неге қателік жасаудан қорқамыз?

Жауабы: Себебі біз жеңіліске ұшыраудан қорқамыз. Өмірде біз өзіміз қаламайынша жеңілістің болмайтынын естен шығарамыз.

6)    Егер сізге қалаған нәрсеңізді керісінше жасауға мүмкіндік берсе, сіз нені жасар едіңіз?78

Жауабы:  Өзгелердің жасаған қателігіне сын айтудың орнына, оларды лайықты түрде мақтар едім. Қателіктерді сынау оларды түзетпейді.

7)    Сіз нені ұнатасыз?41

Жауабы:  Кітап оқи отырып, одан ерекше ой түюді.

8)    Әр күнді 5 жылға тең деп алсақ, сіздің кеше не істегеніңіз есіңізде ме? Ал оның алдыңғы күні ше?44

Жауабы:  Оларды есте қалдыру үшін әр күнді ерекше етіп өткізуге тырысамын. Әзірге нәтиже жаман емес.

9)    Шешімді қазір және осы жерде қабылдайды. Сіз оларды өзіңіз қабылдайсыз ба, әлде өзгелер сіздің орныңызға қабылдайды ма?101

Жауабы: Мен өзім қабылдаймын. Кейде өзгелердің орнына да қабылдайтын кездерім болады.

10)   Сіз осы және өзгеде алдыңғы бөлім сұрақтарынан не ұқтыңыз? Бұл сұрақтар сізге ой сала білді ме? Осы сұрақтарға жауап іздей отырып, өзіңізді жаңа сұрақтар пайда болды ма? Cіздің сұрағыңыз қандай? Жалпы «Шешімі қиын сұрақтар»  сізге не бере алды?

Құрметті оқырман! Бұл сіздің осы жазба аясындағы жауап беретін соңғы сұрағыңыз! Бірақ сізге ой салатын соңғы сөздер емес. Егер бес бөлімнің 50 сұрағының тым болмаса тек бір ғана сұрағына болсын ойлана отырып жауап берсеңіз, менің мақсатымның орындалғаны деп түсінемін

P.S. Сіз тек оныншы емес, жоғарыдағы қалаған сұрағыңызға өз жауабыңызды жазып, пікірге қалдыра аласыз!  Сәттілік!