Сіз кімсіз?

  Сәлем достар! Араға бірнеше айлар салып Массагеттік достарыммен қайта қауышқаныма өте қуаныштымын. "Мақсатыңа массагетпен бірге жет" байқауының басталуын асыға күткен болатынмын.

  Менің аты-жөнім Юлдашева Назима Жумамуратқызы. Қыркүйек айының жиырма үшінші жұлдызында, 2001 жылы дүниеге келіппін. Үйдің де, сыныбымның да кенжесімін. Сондықтан да ерке өскенмін.

   Жан-жақты болғанды ұнатамын. Тоғыз ай бойы уақытымның көп бөлігін мектепте өткіземін. Таңертең сабақ болса, түстен кейін түрлі үйірмелер мен қосымша сабақтарға қатысамын. Бізде ҰБТ-ға дайындық осы жылы-ақ басталып кетті. Ал сабақтан бөлек бимен айналысамын. Спорт әлемінен де алшақ емеспін. Тоғыз құмалақ ойынын сүйіп ойнаймын. Алыс және жақын қашықтыққа жүгіруден түрлі жарыстарға қатысамын. Спорттың бұл түрінен болған жарыстан біз ешқашан жүлдесіз оралмағанбыз. Ал жаз мезгілінде уақытымның көп бөлігі үйде өтеді. Ата-анама еркелеп, күнде түрлі-түрлі дәмді тағамдар дайындап қуантқан мен үшін мәртебе. Әр күні түрлі халықтардың тағамдарын дайындап, дастархан басында сол ел туралы шүйіркелесіп әңгіме айту бұл біздің дәстүрге айналған ісіміз. Анашыммен бірге фильм көрген тіпті керемет. Актрисалардан Анджелина Джолидің сұлулығы ерекше ұнайды. Соынмен қатар жаз маусымында ағылшын тіліне деген қызығушылығы бар бүлдіршіндерге өз білгенімді үйретемін. Қазірде бізде сабақ басталып та кетті. Бүлдіршіндердің сабаққа деген ынтасы мені ылғи да ерекше қуанышқа бөлейді.

   Менің ойымша, адамның ең жақын досы да, ең қауіпті дұшпаны да - өзі. Әр адам өз өмірінің суретшісі, әр адам жеке тұлға. Ол өз өмірінжақсы не жаман жағына өзгертуі де өз қолында. Жақсы іс бізді ылғи да биік белеске жетелері анық. Жақсылыққа ұмтылайық жақсылар!

   Мен бұл байқауға алдынғы жылы да қатысқан болатынмын. Көптеген өзіме қажетті дүниелерді үйрендім. Түрлі әдеби шығармалармен танысып, дәмді тағамдар жасап үйрендім. 10-сыныпқа дайындалып, тоқыма тоқуды да үйреніп алдым. Осы үйренгенімнің барлығым бүкіл мектепке таныстыруға да мүмкіндік алдым. "Мақсатыңа массагетпен бірге жет" байқауында үйренген жұмыстарымды "Күз аруы" байқауында үздік көрсете алдым. Сыныбымның намысын қорғап, "Күз аруы-2016" атағын алдым. Осы жылы да байқауға қатысып отырмын. "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы, біздің түрлі мақсаттарымызға жетуімізге себепші болады. Біз "Арша" тобы жетекшіміз Марғұлан Ақан ағайымызбен биік шыңдарды бағындырып, жеңіске жететінімізге сенімдімін.

   Байқауға қатысушы барлық достарыма сәттілік тілемін! Алға қойған мақсаттарыңызға жетулеріңізге шын жүректен тілекшімін



Бөлісу: