Сіз ең көп естігіңіз келетін сөз!

        Өткен аптадағы орындалған  мақсаттарымның қорытындысы жайлы тағы бір жазба. Бірақ өзгеше жазба!

       Байқағандарыңыздай менің мақсаттарымның көбісі кітап оқуға, ізденіске жұмсалып жатыр.  Өткен апта мен үшін сол ізденістердің ауқымды жүрген уақыты болды.  Кітаптан түйгенім,маған  ой сала білген апта десе де болады.

        Әдетте көпшілігіміз формалды(стандартты) немесе менің тілімде қарапайым  ойлау қабілетіне ие болып келеміз. Ол қалай? Кейбір жандар біздің ойлау қабілетімізге қарсы немесе біздің ойымыздан өзге ерекше нәрселерді ойлайды.  Толық түсіндіру үшін басымнан өткен ұмытылмас бір оқиғамен бөліскім келеді.

        2014 жылы Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығында болдым(ол орталық маған өмірлік азық етер көп нәрсе берді және де ол үшін үлкен алғыс білдіремін). Онда бір жолы ұйымдастырушы ұстазымыз (вожатый) психолгиялық ойындар  ойнататын болды. Ойынның шарты: қағаз бетіне өзіңнің ұнататын және ең көп естігің келетін бір сөзді жазу қажет болды(сізде жауапты білмей тұрып өз сөзіңізді жазып көріңіз). Тобымыздағылармен   әрқайсысымыз  өзіміз жиі естігенді ұнататын бір сөзді жаздық. Соңында ұйымдастырушы ұстаз қағаздарды жинап алып, оларды жеке-жеке оқи бастады. Жауаптар әр түрлі болып шықты. Біреу өзінің сүйікті спортын, біреу өзінің есімін, өзгелері «әке», «ана» деп жазған екен. Менің жазғаным «Жарайсың!» сөзі болатын. Мен өзгелерден қолдау естігенді ұнататынмын. Бірақ, өзгелердің сен туралы ойына құлақ аса беретін болсаң ешқашан биік шыңдарды бағындырмайтыныңды, өз пікірің, өз ойың қалыптаспайтынын, болмайтынын кейін  ұқтым.

         Бұл ойынның негізгі жауабы ол «Ана» сөзі екен. Әлемнің тірегі, бізге өмір сыйлаған – Ана.  Иә, ұстазымыз көбіміздің жауабымызға қанағаттанбады. Бірақ менің айтқым келгені басқа нәрсе. Осы ойын барысында тобымыздағы бір баланың жауабы «Тегін» деген сөз болатын.  Мені ойландырған осы жауап, әлгі баланың ерекше ойлау қабілеті.  Таңданысымда шек болмады. Руслан деген баланың  бізден өзгеше ойлай алатынына  қайран қалдым. Өзіңіз елестетіңізші сіз қайда және не алуға барсаңызда сізге бір ғана сөзді айтады ол –«Тегін». Сіздіңде бұл сөзді жиі естігіңіз келетініне күмәнім жоқ. Бірақ жоғарыдағы ойынды ойнағанда сіздің дәл солай жауап беретініңізге сенімді емеспін. Мен мұны ерекше ойлау қабілеті деп атар едім.

           Бұл жоғарыдағы мысалды есіме алуға итермелеген мақсатымдағы Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» кітабындағы мына бір сөздер еді: «Дүйсенбі күні таңертең ол ылғи да өзін барып тұрған бақытсыз сезінетін әдеті, өйткені мектептегі апта бойы көретін азап осы күннен басталады. Сонда ол өмірде ешқашан жексенбі болмағанын тіледі, өйткені аз уақыт еркіндіктен кейін қараңғылыққа қайта оралу тіпті, ауыр».  Дүйсенбі,жұмыс немесе оқудың бастау алатын күнін жақсы көретіндер аз шығар,сірә. Қайтадан ерте тұру, жол жүру басталатын күн. Көбісі(сізде) мұндай жағдайдада демалыс күннің  болмағанын емес, оның керісінше созыла түскенін, барлық апта күндері жексенбі болғанын  қалайтыны анық. Бірақ Том Сойердің,жалпы айтқанда автордың ойы сіздің,біздің ойымыздан өзгеше ойлайтыны осы сөздерден көрініп тұр.

            Өзгеше ойлау табыстың кілті. Атақты «Honda»  компаниясының негізін қалаушы Соитиро Хонда формалды ойлайтын жандарды жұмысқа алмаған. Ол: «Формалды ойлайтындардың ойлау қабілеті шектеулі, олар алға жылжыуға кедергі келтіреді»- деген екен.

             Сіздің өзгеше ойлай білуіңізге, өміріңізге шабыт береді деген ниетпен төмендегі Стив Джобстың даналық сөздері дыбысталған видеоны ұсынбақпын.



Бөлісу: