Армысыздар көз қарақты оқырман!Бұл жолғы блог, бұрыңғы блогтардан өзгеше.Шынайы мақала мен, әзілді сарказмды оқыдыңыздыр. Оқып та, келесіздер. Енді қоғамға назар аударсақ. Хммм... жасы он алты да болып бұған не жоқ дейтін боларсыздар.Менде негізі жоқ нәрсе көп... Оны қойыңызшы Мағжан Жұмабаев 14 жасында билікке араласқында, осындай зайырлы мемлекет бола тұра індемей бұғып жатқаным жарамас. Иә, мен жаспын, буыным мектеп қабырғасынан шықпаған. Маған бұл сөз қызық емес. Әдетте достарыммен санаушы едім, бірақ қазір олай емес.Тәәәкк... неден бастаймыз. Әрине, сырға таққан жігіт пен тақырбас қыздардан бастаймын.Маған жақпай жүрген достарымының бір әдеті.
Сырға таққан жігіттерге:
Әй жігіттер, мен кешегі Ыбырай, Абай,Шоқан болмасам да, бойымда Алты алаштың қаны, бес арыстың жаны бар! Мұны сіздерге айту парызым деп түсінемін және түсінгейсіздер! Кезінде қай бабамыз сырға тағып, боянды екен?(Тарихшылар осыны тауып беріңіздерші) бүгінгі жастар һәм аға, іні бауырлар.Жігітше сөйлесер болсақ сендерге не жетпейді? Шаш бояп,ерін бояп, бет әрлегенше үйіңді неге әрлемейсің?Сырға таққандар... сіздер бар ғой... тура қожалықтағы ісек қойға ұқсайсыздар.Шындық! Намыстан жарылып, ар іздеп өзгерсең ҚАЗАҚСЫҢ! Ал, бүлкетпесең бұл сөзді оқып не тыңдамадым деп ұғыңыз.Тарихты оқып отырып, ер бабаларымыздың ерлігіне таң қаламын. (Осы күн солардың арқасы ғой) Біз жігіттер, шыны керке жігіт деген атқа сай ғұмыр кешуіміз керек, және міндет! Бүгін біздер майдаланып кеттік. Он үш жасар баласы дәу қара бестіні өзі тартқан заман болған, қазір... тауық сой десе, сояда алмайды.Әрине бәрі емес.Өтініш ес жинаңыздар. Айналысқан тірліктеріңіз жігіттікке жатпайды. Қырық қызды қырындаттым деп, мәз болғанша ,қырық үйді асырайтындай еңбек етіңіздер. Көшеде бөтелкелеп сыра ішкенше, сол ақшаны жинап көріңізші...
Т.С.Т Бұл жараның беті, қасысаң үлкейе береді, үлкейе береді...
Қыздарға:
Құрметті арулар сіздерге көп сөйлемей қырық үйден тыюды айтып берейін. Ар жағын өздеріңіз ойланарсыздар...
Жарыса сөйлеуге Жалғыз қыдыруға Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге Орынсыз ұрынуға Басқаларға қол тигізуге Өтірік, өсекке Суық жүріс, сумаң қылыққа Кісіге қарай керіліп есінеуге Талтайып отыруға Шалқайып жатуға Тамақты обырлана асауға Ұрлық-қарлыққа Ұятты мүшелерін ашып жүруге Бұраңдап қылымсуға Қызыл іңірде жатуға Түске дейін ұйықтауға Кісі алдында киім ауыстыруға Салт-дәстүрден аттауға Елді ғайбаттауға Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға Ішімдік ішу пен шылым шегуге Ұрыс-керіске Беттен алып, бет жыртысуға Қараулыққа, ысырапқа Рахымсыздық пен қатыгездікке Түнде суға жалғыз баруға Жат жыныстылармен араласып жатуға Күйеуге қашып тиюге Әдепсіз сөзге Тарс-тұрс етуге Адам мен жануарларды тебуге Кісіні қорлап жәбірлеуге Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға Айқай-сүреңге Шектен тыс сыланып жасануға Қызғаншақтық пен күншілдікке Менмендік пен өзімшілдікке Алдап-арбауға Көрсеқызарлыққа Нәпсі құмарлыққа тыйым
Т.С.Т Заманына қарай адамы. Біз заманға емес, заман бізге қарау керек!