Сынды салқынқандылықпен қабылдаймын

Сынды салқынқандылықпен қабылдаймын
жеке
блог

"Сəлем – сөздің анасы" демекші, баршаңызға сəлем бердім. "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауына қатысып, бағымды сынап көрмекпін. Бұл – Массагет порталына жазған алғашқы блогым. Ал, көп созбай, əдептен озбай, өзімді таныстыра кеткенім жөн болар.

Менің аты-жөнім – Мейрбек Айнұр Қалаубекқызы. Кіндік қаным тамған жер – ОҚО, Шымкент қаласы. 1999 жылы 30 сəуір күні дүниеге келдім.

Өмірдегі ұстанымым: Жұрттың сынын салқынқандылықпен қабылдап, дамуды тоқтатпау.

Өмірдегі сүйікті жəне еліктейтін тұлғаларым: ақылына көркі сай жас журналист Лəйлə Сұлтанқызы, жан-жақтылығымен танылған Баян Есентаева секілді əпкелерім. Себебі олар – халқына адал қызмет атқарған жандар, ізденімпаз дарындар, биік тұлғалар.

Хоббиім: əн айту (есту қабілеті жоғары болмаса да, əн айту көңіл-күйді көтереді), би билеу, өлең оқу, өз жанымнан өлең шығару жəне əдеби кітап оқу. Бос уақытымда қазақтың əдеби кітаптарын оқып, ой түйемін. Жас ақындардың шығармаларымен танысамын, əлеуметтік желілерге кіріп ізденемін жəне жаңалықтардан хабардар боламын.

Байқауға қатысудағы басты міндетім – жеңімпаз атану. Журналистиканың қыр-сырын үйреніп, алғашқы қадамымды жасау, іздену, сонымен қатар мақсатқа жету.

Массагет порталы өркендей бергей. Алдағы уақыттарда жас ақындар сайысы мен жас журналистердің білімдерін сынайтын, тəжірибе жинақтауына көмектесетін байқау болғанын қалаймын.

Бұл байқау қатысушылардың танымын, білігін арттырып, еңбекке, ізденіске жетелейді. Назар аударғандарыңызға рақмет! Ал, іске сəт! Блогым ұнап жатса, пікір қалдырып, дауыс беруді ұмытпаңыздар.