Сонымен қорытынды қандай....

Сонымен қорытынды қандай....
жеке
блог

      Армысыз Массагеттің тұрақты оқырманы! 8 аптаға созылған "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының өту барысының куәгері ретінде қандай сезімдесіз? Бәлкім, менде қатысуым керек еді деп бармақ тістеген боларсыз, әлде байқау қатысушыларына сәттілік тілеп тұрақты оқырманға айналдыңыз ба? Қалай болғанда да байқау аяғына таяды ғой. Жаңа оқу жылына аяқ басатыныма қуанышты болсам да, байқаудың аяқталатын уақыты таяған сайын біртүрлі күйдемін... Сендерде осындай күйдесіңде ме?

         Көп сөйлеп кеттім ғой тіпті... Негізі қойған мақсат бойынша орындалған жұмыстарға қорытынды жасамақ ниетпен жазып отырмын бұл блогты. Рет-ретімен болмасада орындалды. Қуаныштымын. "Жазда қандай кітап оқыдың?"- деп әдебиет апайы сұрағанда сартылдатын тұрып санап беремін оқыған кітаптарымды. "Бәрі ойынның астында қалған болар ә, қане кім айтады тригонометриялық функцияны шешу үшін не істейміз?"- деп математика апайы сұрағанда 2 ай бойы жаттаған ереже, формула, теорема, аксиомаларды тоқтамай айтып беретінімді ойласам өзіме-өзім мәәз боламын. "Жазда көп қыдырдың ғой, тапсырмаларым жайына қалған болар",- деп сынай қараған ағылшын апайға күліп қарап "Бәрі орындалды, апай" деп айтатын күн де алыс емес. "1 жылда қанша билет жазып, қанша тақырып қайталаймыз, дайын болыңдар"- деген тарих апайының ескертуі де жерде қалмады.

Сонымен пайыздық көрсеткіштер.

1.Ағылшын тілін оқып үйрену барысында жаңа бағдарлама қолданбадым.Тек тілді «0-ден» бастап үйрендім. Пайыздық көрсеткіш 50% . Әлі үйренерім көп. Байқаудан тыс уақыттарда көрсеткішті екі еселеуге күш жұмсайтын боламын.

2.Кітап оқуды негізгі мақсат етіп алғандардың қатарында мен де бармын. Байқау аясында «Қан мен Тер» романын оқып шықтым. Әзілхан Нұршайыховтың «Ақиқат пен аңыз» романын оқып бастадым. Сонымен қоса, осы уақытқа дейінгі оқыған повесттерімді еске түсіріп, шолып шықтым. Байқау аясынан тыс уақытта «Ақиқат пен аңызды» аяқтап, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасын оқымақпын. Екінші мақсатымды 60% орындадым.

3.Үшінші мақсат пианинода ойнап үйрену. Алдыңғы блогтарымда жазғанымдай 3 әуенді ойнай аламын. Бұл мен үшін үлкеен жетістік. Алдағы уақытта шеберлігімді шыңдаймын. Пайыздық көрсеткішім 70%.

4.Келесі мақсатымды фоторепартаж жасауға арнаған едім. Кәсіпқой фотограф болмасам да бұл репортажым сәтті шықты деген үміттемін. Бұл мақсат 100 пайызға орындалғанына сенімдімін.

5. Төте жазу жолдарын үйрену. Әліпбиі мен әріптердің сөз ортасында, басында, соңына қалай оқылатынын үйрендім. Десе де сөздерді бір-бріне қосып оқу мен үшін әлі қиындық туғызады. Араб тілінде жазылған сөздерді оқи алатындықтан төте жазу әліпбиін үйрену оңай болды. Дегенмен әлі білімімді шыңдайтын боламын. Пайыздық көрсеткіш 46%.

6.Математика пәнінен дайындығым жоғары деңгейде. 80 пайыз. Қазақстан тарихы бойынша дайындық математикадан кейін қалды. Десе де нәтижесі қуантарлықтай. 58 пайыз.

7.Сүйікті актерім Джонни Депп жайында блог жариялау. Өнерімен мені тәнті қылған актерді біздің Кемеңгерліктер де жақсы көреді екен. Байқаудың алғашқы аптасында жариялаған блогым көңілдеріңізден шыққан болар. Бұл мақсатым 100 пайызға орындалды.

8.Волейбол ойынына жаным құмар жанмын. Жазғы уақыттағы дайындықтарымыз жайлы,  осы күнге дейінгі жетістіктерміз жайында жазылған блогтың пайыздық көрсеткіші 100пайыз.

9.Өлең шығаратын қабілетім бар. Сөздік қорымды молайтып, Массагеттіктерге арнап өлең шығарсам деп едім. 100% орындадым. Өзімнің көңілімнен шықты. Топтың қыздарына да ұнады. Қуаныштымын.

Жалпы көрсеткіш 84,8%. 

Барлық қатысушы достарыма сәттілік тілеймін. Байқау аяқталса да мен сендермен бірге болғым келеді. Сағындырмай блог жазып тұрыңдар, Массагеттіктер!