Шыңның шыңына шықтым (қорытынды)

Ең алғаш бұл байқауға қалай қабылданғаным да , сол кездегі сезімім де мен үшін тым ерекші əрі ыстық естелік пен жетістік! Қабылдау уақыты бітіп кетсе де айым оңынан туып , байқауға қатысуға мүмкіндік алдым. Түнгі бірлерде бұл жаңалықты тосыннан естіп , қуаныштан екі сағат жылаған шығармын. Себебі , мен осындай ауқымды əрі қызықты байқауға қатысқым келетін. Міне , осылай қабылданып , ережелермен танысып шығып блоктар жариялай бастадым.

Маған байқау қатты ұнады! Байқау арқылы кереметтей "КЕН" тобының қыздарымен танысып , жақын араласып кеттік , ең кереметі Гүлжанар апайымның осындай жақсы адам болғаны.

Сабырлы əрі өте жақсы адам , білмегенімізді айтып көмектескен жанашырымыз, Жапырақ сізді жақсы көремін!

Əсел апай , сіздің де алар орныңыз ерекше! Сізге көп - көп рахмет , алғысым шекісіз!

Осылайша 8 аптаға созылған байқау да өз мəресіне жетті. Тағамдардың жаңа түрлерін үйреніп , кітаптарды оқыдым. Кесте тігіп , пионинода өз бетіммен шығарма үйрендім. Əлі керемет білмесем де кəріс тілінен біраз нəрсе үйрендім!

Осы уақыт арасында 17 блог жариялап , жауапкершілік , ұйымшылдық сезімдерін бойымызға сіңірдік.

Мақсатқа жетуді үйрендік!

МАССАГЕТ , мен сені жақсы көремін!



Бөлісу: