Мақсат-жетістік желкені.Алдына мақсат қою бір бөлек,ал оны орындау мүлдем басқа.Мақсатқа жету-болшақтың қақпасын ашумен тең.Міне,Массагет ұсынған"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет"байқауы да аяқталып келеді.Осы байқауда мен алдыма:
Тағам әзірлеп үйренуді қойған едім.Сол мақсатыма 82% жеттім.Әр түрлі тағамдар жасадым.Кейбір жасаған тағамдарымды оқырмандарыммен бөлісе отырдым.Әр түрлі тағамдар құрамы берілген топтармен таныстырғаны үшін жетекшім-Гүлжанар Жарқынбекқызына алғыс айтамын. ОЖСБ сынағына дайындалу менің екінші мақсатым болатын.ОЖСБ-бұл да қиыншылығы жетерлік сынақтың бірі.Бұл сынағыма мен 100% сақадай сай дайынмын.ОЖСБ сынағына сұрақ кітапшаларыммен бірге Массагеттік сабақтармен де дайындалдым. Шашымды көз тартарлық әдемі әрі жинақы етіп өру менің үшінші мақсатым.Бұл мақсатыма да сүрінбей жеттім.Жеткен көрсеткішімді 100% көлемімен есептеймін.Мақсаттарыма бұлақтың өзенге,өзеннің теңіз суына асыққанындай менде мақсаттарыма асығып,аптығып жеттім.Әлі талай белесті бағындыратын боламын.Маған мақсат қоюды үйретіп,оған жете білуге талпындыра білген Массагетіме алғысым шексіз.Массагеттік достарым,ағайларым мен апайларым құдды менің екінші отбасым секілді көрінеді мына маған.Ал, жетекшім- Гүлжанар Жарқынбекқызы менің анамдай болды.Апайыма айтар алғысым шексіз.Апайым маған тағам әзірлеу жолында әр түрлі құрамдармен таныстырды.Жазған жазбаларыма атау іздеген сәттерімде өз ойымен бөлісіп,тоқыма тоқудың сабақтарын үйретті.Апайыма жұмысына табыс тілеймін.Өмірде "Көкесі"мен бақытты ұзақ өмір сүруін тілеймін.
Мен енді әрдайым Массагетпен біргемін.Дәуірлей бер-МАССАГЕТ.