Шыңдағы өмір(Байқау)

Баршаңызға сəлем массагеттік достар!

Мен Жандарбек Жұмағұлов бастаған "Бастау"тобының мүшесі Сағантай Перизат деген қыздарыңыз боламын.Сыр өлкесі Қызылорда қаласының тумасымын.Қазіргі күні Астана қаласында болашаққа деген үлкен сеніммен 10сыныпты тəмəмдап,11 сыныпқа дайындық үстіндемін.Менің ҰБТ тапсыруыма əлі 1 жыл болсада қатты толықып,қорқып жүрген жанмын.

Менің өмірлік ұстанымым : Қай кезде де,қандай кезде де мойымау!

Өзіңнің адам екеніңді ұмытпай,адамдық қалыпыңды сақтау!

Əр адам өзінше бір бөлек əлем.Сондықтан адам ешкімге еліктемеу керек.Тек қана үлгі алу керек.Сол секілді менің де үлгі алатын тұлғам-Абай Құнанбаев.Неліктен десеңіздер Абай атамыздың өлеңдерінен де,еңбектерінен де,өмір жолынан да  үлгі аларымыз көп.Абай атамыздың еңбектері бізге теңдессіз мұра!

Менің хоббиім сурет салу,бимен айналысу,шабытым келгенде  аздап өлең де шығарамын.Міне ,осылар менің жаныма жақын істер.

Бос уақытта көбіне қысқа əңгіме,новелла секілді қызықты жазбалар оқимын.Көбіне қазақ əдебиетін оқимын,əлем əдебиетін де тыс қалдырмауға тырысамын.Əдебиет менің өмірім десем де болады.Ал,сүйікті кітабым Əзілхан Нұршайықовтың " Махаббат қызық мол жылдар."

Массагет сайтымен танысқаныма көп уақыта бола қоймады.Анда санда бірер блок жазып,қызықты блоктар оқығаным болмаса көп кіре бермейтін едім.Енді осы байқауға қатты қызықтым.Өзімді шыңдай түскім де келді.Сондықтан байқауға қатысуға ниет білдірдім.

Мен массагет ұжымына ай сайын  немесе 2  ай сайын осындай байқау өткізсе екен деп ұсыныс айтар едім.Себебі осы байқау арқылы өз өзімізді шыңдап,мақсатымызға жеткізуге көп көмектеріңіз тиер еді.Сіздердің бізге тигізген жəне тигізер пайдаларыңыз көп!Сондай ақ қазақ тіліді сайт болғанына қуанамын!

Осындай байқаудың ұйымдастырылып жатқанына қуанамын!Ал,командаларға сəттілік!

                                                                                  



Бөлісу: