Шыдамдыны мына өмір ұнатады...(байқау)

Сәлем, Массагет оқырмандары! Сәрсенбінің сәтті күнін де сіздермен мақсатыма тағы да бір табан жеткенім жайлы бөлісетініме қуаныштымын.

Бір күні анам екеуміз дүкен аралап жүріп, жайдары жарқын, өте сұлу Жібекті көрдік. Қуанғаным соншалықты, қасына барып, "сіз Меруерт Өтекешовасіз ба?" дедім. Бетіме жымыйып қарап, "иә" - деп жауап берді. Асығыс болса да кеудесінен итерми қолтаңбасын берді. Ол қазына сақталу да. Содан бері ол кісі жайлы мағлұмат алып, зерттей бастадым.

Меруерт Қаратайқызы Өтекешова 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. «Қарагөз» спектакліндегі (М.Әуезов, реж.Ә.Мәмбетов) Қарагөз рөлі үшін 1982ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты болды. Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты.
Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982 ж.). 1968 ж. Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері Жібектің рөлін сомдауға шақырылған. "Қыз Жібек" фильміне қалай түскені сіздерде қызыққан шығарсыздар. Бас режиссер Сұлтан Жібекті Қазақстанның әр түкпірінен жиналған бес жүз қыздың арасынан таңдауды жөн көрген. Себебі, Сұлтан аға «Қыз Жібек рөлін жас қыз ойнауы керек» деп айтқан екен. Кейіннен, көркемдік кеңестің мүшелері фильмге жас қыздың түсетініне онша сене қоймапты. Әрине, сенбеулері де орынды, өйткені, қазақтың болмыс-бітімін дәл беруді көздеген бұл фильмнің жүгі ауыр болатын. 10 сыныпта оқып жүрген Меруерт апамыз кастинг болатынын газеттен көрген. Бес жүзге жуық қыздың сынақ тапсыратын білгенде, ана жерді тастап қашып кете жаздаған Меруерт апамызды режиссердің көмекшісі Ғалия апай тоқтатқан. Сынақтан өтетініне сенген ғой шамасы. Міне солай, 1970 жылы фильмге түскен. Кинода ғашықтар рөлін әдемі бейнелеген, тіпті көзқарастарына дейін шынайы шыққан. Төлеген мен Қыз Жібек — махаббаттың символы. Кинодағы Төлеген өмірдегі отасқан жары. Қазіргі таңда, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М.Өтекешова сүйікті жар, аяулы ана, асыл әже болып отырған жөні бар.


Қаламым мен қойың дәптерімді алып газет-журналдардан мағынасы мен көп ой салатын нақыл сөздерді жазып алуды әдетке айналдырдым. 1 апта да тек өмір жайлы ізденуді жөн көрдім. Барлығымызға терең ой салсын деп.
1. Өмір — теңіз, тағдыр — кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.
2. Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында.
3. Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі-өнегесі көп-ақ, бірақ оған қорытынды жасап ойланбаймыз.
4. Өмірде әр нәрседен хабарың болса да, адамның мінез-құлқын білмей кетесің.
5. Тіршіліктің әр күні ләззат, шаттық, оны кей пенде сезінеді, кей пенде сезінбейді. Тіршіліктің әр күнін бақыт деп сана.
6. Тағдырдың қожасы тағдыр ғана, адам оның құлы.
7. Бір жақсы қасиетіңді толық көрсетуге жақсы қасиеттің көптігі кедергі келтіреді.
8. Өзінде болғанды өзгелерге бере алмайтындар, өзгелерде болғанды көре де алмайды.
9. Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
10. Ештеңені жүрекке жақын қабылдама, жақын қабылдасаң, жадыңда ұстағың келеді, жадыңда ұстаған жаныңа ауыр тиеді.
11. Уақытты өлтіру үшін көздеудің де қажеті жоқ.
12. Өзгелерге пайдалы адам мәндірек, өзіне пайдалы адам ұзағырақ өмір сүреді.


Менің түйгенім: өмір деген үлкен күрес. Өмір де бәрі болады. Жеңіс те, жеңіліс те... Бір де құлайсың, бір де қуанасың. Алдымыздан кездескен қиындыққа төтеп бере білу керек. Шыдау керек.. Осы орай да, Мұқағали Мақатаевтың "Шыда, шыда" өлеңі есіме түсті.
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Өміттің құлан иек құла таңы
Әйтеуір бір атады, бір атады. Өкінбе, өкпелеме
Бүгініңе өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге. Жаңбырдан кейін міндетті түрде күн шығады, сол сияқты әр істің өз жақсылығы болады. Тек сабыр сақтап, күте білу керек. Сіздерге айтарым, өмір- қамшының сабындай қысқа, уақытымызды тиімді пайдаланып, бекер өткізбейік!



Бөлісу: