Шимай (байқау)

Тұп-тұнық көлдің бетіндегі батып бара жатқан күннің бейнесі тым мұңлы еді. Ормандардағы ағаштардың жап-жасыл жапырағы солып, желмен бірге билеп жүрген алтын түстес жапырақтарға қосылып, мына орманнан, мына даладан алшаққа кетуде.
 
    Кешкірген кеш. Түңілген аспан. Тұп-тұнық көл. Жарық сәуле шашқан көл қасындағы кішкене, бірақ әдемі оюланған, көз тартар ағаш үй.
 
    Бұл жер демалыс орны болғандықтан, күнде шуылдаған балалардың, көл жағасындағы үлкендердің сауық-кешінін даусы естіліп, азан-қазан болып жатушы еді. Бүгін бәрі де келісіп алғандай, далаға тыныштық орнатқан. Қыбыр еткен жан жоқ. Мүлгіген даладағы мына көрініске қарап, көңілі одан сайын құлазып кетті.
 -Өткінші. Бәрі өткінші. Ол да керексіз адамын өз өмірінің қуып шықты да, басқа жанды таңдады. Бәрі бекер.
 
     Кенеттен қамыс жақтан шыққан дауыстан ол селк етіп, өзің-өзі әзер ұстап қалды.
-Асыл!
 Дауыс өктемдірек болса да, ақырындау шықты
-Асыыыл!
-Сіз кімсіз?-батыл сөйлесе де, ол жаққа баруға қатты қорықты.- Кімсіз деймін?
-Хаха. Асылжан!
 -Мен Асыл емеспін! Бұл не болды? Кісің деймін? Шыыы-шыыық тез!
 Шошиын деді. Жүрегі аузына тығылып, аяғы қатып қалған сияқты. Жүрейін десе қозғалмайды, қатты қорықты. Қолына қасына жатқан үлкен тасты ұстап, қамыс артындағы белгісізді аңдып отырды...


Бөлісу: