Шетелдік мультфильмнің зардабын білесіз бе?(Байқау)

Шетелдік мультфильмнің зардабын білесіз бе?(Байқау)
жеке
блог

      Мультфильм-үлкен демей,кіші демей барлық жастағы жандардың көретін дүниесі.Қазіргі күні  баланы тəрбиелейтін,жастайынан қалыптастыратын дүниелердің бірі десек те  болады.

 .....

       Теледидар алдындағы кішкентайлардың  не көріп отырғанын байқасақ мəн-мағынасы жоқ шетелдік мультфильмдер.Көбінесе түр келбеті жоқ,я адам емес,я жануар емес белгісіз бір тіршілік иелері  балалардың сүйікті кейіпкерлеріне айналған.Кейде тіпті сөйлейтін көлік,неше түрлі роботтар да мультфильм кейіпкерлері.

...

Ал енді елестетіңізші ,мұндай миға сыйымсыз көріністерді көрген баланың  психикасында қандай ауытқышылықтар болатынын.

Сондай ақ көрген мультфильмдерінің ішінде қырып жою,атыс-шабыс секілді сорақылықтар жиі кездеседі.

Осындай қатыгездік пен сорақылықты көрген ұрпақтың болашағы-бұлыңғыр.

Ал ,енді сіздерде қазақи ,мəн-мағынасы бар мультфильмдер бар ма ? деген сауал туындауы мүмкін.

Əрине бар,бірақ тым аз.Себебі мұндай жайттарға көп мəн бермейміз.Мысалға меннен қандай қазақша мультфильм білесің десе,Алдар Көсе мен 1-2 мультфильм есіме түсуі мүмкін.Неге?Себебі отандық өнімге сұраныс тым аз,өнімде аз.

...

Ең керемет мультфильм -Алдар Көсе.Мəн-мағынасы бар,əрқашан адалдық пен шындықты ту ете отырып,түрлі айламен жақсы іс əрекет жасауға баулитын бұл мультфильмдей дүниелер көп болса,қазақтың баласы қайдағы жоқ шетелдіктердің қалдығын көрмейтін еді.

Сондықтан ұлт болашағын ойласақ ,ең алдымен кішкентай балапандарымыздың не көріп жатқанын бақылап,дұрыс жол көрсете білейік.

Ал,сіз не ойлайсыз?

Сіздің іні-қарындастарыңыз қандай мультфильм көреді?