Шаш –адамның ажары Ол сұлулық пен құпия қасиетке толы(байқау)

 Шаш –адамның ажары Ол сұлулық пен құпия қасиетке толы(байқау)
жеке
блог

Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? – деп ұлы Абай жырлағандай, халқымызда қыз-келіншектің көркі – шаш, шаштың сәні – шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап. Әйел шашы табиғатына қарай: қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталады. Қазақ халқы шаш күтімін, яғни оны тарауды, өсіруді, өруді үлкен тәрбие мектебі деп түсініп, «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», - деп жырға қосады. Анасы мен апасы, әжесі бойжеткендердің шашын тісі әр түрлі сиыр мүйізінен жасалған тарақпен әдемілеп тұрып тарап, сыртынан әсем шаштарақпен бастырып, жылтырату үшін шашмай жағып құлпыртады. Шаш әр адамның көркі. Ежелден қазақ қыздары шашын күтіп, бұрымын өріп отырған. Қыз баланың шашын көп бұрым етіп өру – қазақтың ежелгі салты. Халқымыз көп бұрымның қасиеті де көп болады дейді. Әйтеуір, шаш тұлым, кекіл, айдар баланың жас кезінен ағзасындағы қор-ғаныс қабілетін арттыратын таңғажайып тылсым күш пен қасиетке ие. Қазіргі кезде де қыз-келіншектер шаш түрлеріне, шаш үлгілері , шаш сәндеу және де шаш өру түрлері барлығына аса көп көңіл бөледі. Міне сіздерге шаш өру түрінің оңай әрі әдемі түрін ұсынбақпын. Ол үшін бізге лента қажет. Жасалу жөнін видеодан көре аласыздар.