Селдің екпіні жəне Ихтиандр. (Байқау)
блог
Кітап оқуды мақсат етіп алған соң "Қандай кітап оқимын?" деп көп ойландым. Кейін үйімдегі кітап сөресіне қарап, қызықты кітап іздедім. Сосын Сафуан Шаймерденовтың "Селдің екпіні " атты кітабына көзіме түсті. Кітаптың ішінде 2 повесть бар: "Ашу" жəне "Өмір нұры". Сонымен қатар "Селдің екпіні","Тайланның көргендерінен", "Ау, мұның не?","Алтын сағат","Портреттер" деген əңгімелерден тұрады.Кітапты оқып, əр түрлі сəттерді бастан кешірдім. Біресе жылап, біресе қуанып, біресе қатты ашуландым. Марғау атты иттің Лезбай атты иесінен жырақта қалған кездегі қиын да қатерлі өмірін елестетіп көзіме жас келді. Ал қожайынымен қайта табысып, үстіне секіріп, құшырлана иіскеген кезде жүзіне еріксіз күлкі үйіріледі. Жантуардың балалар үйінен Болат атты кішкентай бүлдіршінді туған баласындай бауырына басқысы келгенде, əйелі қарсы болған кездегі сəт жүрегімді елжіретті. Кітап маған қатты ұнады кейде отырып алып 30-40 бетін бірден оқып тастайтын едім. Мені жазушының жазу шеберлігі де таң қалдырды.
Бір кітап пен тоқтап қалғым келмей, əлем əдебиетіне сапар шектім. Кейін жасөспірімдерге арналған "Адам-балық" атты кітапты бастадым. Авторы: Александр Беляев. Қазір кітаптың бел ортасына келдім. Сіздер "Бұл-адам ба? Əлде балық па?" деген ойда шығарсыздар. Кітап суда да, құрлықта да өмір кешетін Ихтиандр атты жігіт жайында. Бірақ, ол құрлыққа қарағанда мұхитта өзің еркін сезінеді. Ихтиандр -мұхит жайында "мұхитты зерттеген" жандардан да артық біледі, ал құрлық жайында бес жасар баладан де артық білмейді!Кітапты оқыған сайын "Соңында не болады екен?" деп қызыға түсем. Кітапты бітіруге асықпын.
Кітап-рухани қазына. Ендеше рухани қазына мен сусындап, биік белестерге шығыңыздар!