Жас ақын - Марғұлан Ақан 1993 жылы, тамыз айының сегізінші жұлдызында дүние есігін ашты. Алтай өңірінің тумасы бесінші сыныптан бастап ақындыққа жаны құмартып, өлең шығара бастайды. Ол өлеңдері өзімен бірге өрлеп биік шыңдарға жетелеуде. Түрлі тартысты байқаулардың жүлдегері атанып, өлеңдері халықтың жүрегінен орын табады. Әсіресе, шығармалары жастар арасында ерекше танымалдыққа ие. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Жоғарғы оқу орнында жүріп те түрлі өлеңдерін шығарды. Сонымен қатар, алтыннан да қымбат ол өлеңдерін кітапқа басты. 2015 жылы жарық көрген "Көктоғайдан көшкен бұлт" атты шығармасы үлкен танымалдыққа ие болды. Ол кітапта отыздан астам құнды қазына бар. Меніңше, әр өлең бір тарих. Өлеңді бір оқып көргеннен-ақ басқа әлемге еніп кеткендей ғажап сезімде боласыз. Тек ол емес, оқыған өлеңіңіз жадыңыздан һәм жүрегіңізден үлкеен орын табады. Бұл кітапты кітапханадан іздестіріп, түрлі кітапханалардың табалдырығын тоздырып таба алмаған жағдайда кітаптың электронды нұсқасы бар. Оқып көруге кеңес беремін.Өкінбейсіз деп нық сеніммен айта аламын.
Марғұлан Ақан тек қана ақын емес, сегіз қырлы, бір сырлы ерекше тұлға. Айтыста да сөзден жеңлмей түрлі байқаулардан жүлделі орын алған. Әуелетіп ән шырқап, домбыраның құлағында ойнайды. Иә, Марғұлан Ақан жас болса да осыншама жетістікке жеткен ерекше тұлға. (Бұл мағлұматтар түрлі әлеуметтік желілер мен түрлі порталдарды ақтарып отырып тапқан құнды деректер. Ал енді өзімнің шынай жүрегімнен шыққан сөздермен алтын ағайымды суреттеп берсем).
Марғұлан Ағай. "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауында "Арша" атты топтың жетекшісі. Whatsappта "Аршагет" атты кішігірім отбасының ең үлкені(жетекшісі). Ал өмірде... Біз әрдайым биіктен көреміз деп сенетін, жүрген жерімізде ағайымыз осында деп мақтана айтып жүретін, бізге әрдайым қолдау көрсетін, ағалық ақыл - кеңесін айтып отыратын - Марғұлан ағай. Қайталанбас тұлға. Сабырлы, салмақты мінезді. Ақын жанын өзінен өзгелер түсіне алмайды дегенді естігенмін. Бірақ, біздің ағайымыздың жанын шәкірттері жаақсы түсінеді. Ағайымыз бізді, біз ағайымызды әрдайым қолдаймыз. Бүгін сегізінші тамыз. Ерекше күн. Тек Марғұлан ағайға ғана емес Аршагеттіктерге де ерекше күн. Әдетте туылған күн иесі, бір жасқа ер жеттім деп бұл күні қобалжу үстінде және тамаша көңіл күйде болады. Дәл қазір Аршагеттіктер де қобалжу үстінде. Біздің жетекшіміздің дүниеге келген күні. Ағай, жеке меншік мерекеңіз құтты болсын! Сіздге өмірдегі баарлық жақсылықтарды тілейміз. Денсаулығыңыз мықты болсын. Биікке самғап ұшар қанатыңыз талмасы. Ақындық өнеріңіз шыңдалып, ұлы ақын боларыңызға Аршагет атты отбасыңыз үлкен сеніммен қарайды. Жазарыңыз таусылмасын. Қажымас қайрат, таусылмас бақыт тілейміз. Және де сізге айтқым келетіні сіз жалғыз емессіз. Сізде біз бармыз, бізде сіз барсыз. Байқаудың басталғанына бес-ақ апта болды. Осы аз ғана уақыт ішінде Аршагеттіктер сізге қатты бауыр басып қалды. Аз ғана уақыт ішінде сізді танып, біліп ерекше құрметтейтін дәрежеге жеттік. Біз сізге сенеміз. Жалпы, сіз менің туған ағаммен бір жылда, бір айда дүниеге келіпсіз. Сондықтан, сізді өз ағамдай қатты құрметтеймін. Сіздің Қазақ еліне қосар үлесіңіз мол. Сіздің биік белесті бағындырарыңызға сенемін. Тек жақсылық тілеймін. Сізге Алланың нұры жаусын. Жеке меншік мерекеңіз құтты болсын!
P.S Неге байқау айдарында тұр? Себебі "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауында бізге жетекшілік ететін қолдаушымыз Марғұлан Ақан. Бізге мақсатқа жету жолында ең көп септігін тигізген, мақсатымызға жетуімізге себепші болатын тұлға. Ағай сізге көп рақмет!