Сәулет өнерінің патшалығы
блог
Түркістан - түркі жұртшылығының астанасы. Діни және тарихи құндылықтары саталған киелі қаланы " екінші Мекке " деп атаумызға да болады. Бұл қасиетті қалада Ислам дінін таратушылардың бірі, ғұлама, ақын, философ, сопылық ілімді таратушы Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген. Тек ол ғана емес, аттары тарихта ойып тұрып орын алған хандарымыз бен батырларымыздың, ақындарымыздың, билердің, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар.Түркістан - Әбу-Ханифа мәзхабын ұстанған түркі жұртының қасиетті орталығы болып табылады. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз қалыптастырған сопылық ағым осы Түркістан арқылы әлемге тарады.
Қожа Ахмет Яссауи - 1093 жылы, кейбір деректерде 1103,1041 жылы дүниеге келген. Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айырықша орыны бар ұл ақын, пәлсапашы. Бабамыздың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі-ИСфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы - Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Қожа Ахмет Яссауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб. Қожа Ахмет Яссауи өзінің ең үздік шығармасы "Диуани хикметтерінде" де ұстазы Арыстан бабты жиі ауызға алады. Яссауи бабамыз да ұстазы сияқты дінді насихаттап, шәкірт тәрбиелеген. Қожа Ахмет Яссауидің алғашқы шәкірті - арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті - Сайд Ата Хорезми, үшінші шәкірті - Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі - Сүлеймен бақырғани екенін білеміз. Бабамыздың бізге жеткен ең көлемді шығармасы "Диуани Хикмет". Бұл шығармасында Ислам дінін насихаттап, адал жолда болуды насихаттайды. Бұл шығарма Алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Бұл шығармадан құнды тарихи деректер мен тәрбиелік мол мұра ала аламыз. Бабамыз Түркістан қаласында жерленген. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін XIV ғасырдың аяғында Ақсақ Темір салғызады.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің бейітінің басына орнатылған. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен Алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
1.Қазандық;
2.Үлкен Ақсарай;
3.Кіші Ақсарай;
4.Құдықхана;
5.Кітапхана;
6.Асхана;
7.Көрхана;
8.Мешіт;
Қаншама ғасырлардан бері осы кезге дейін сақталған асыл мұрамыз тек біздің ғана емес, күллі түркілердің баға жетпес байлығы. Барша әлемге мәшһүр бұл ғимарат талайларды тамсандыруда. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көресем деушілердің қатары жыл санап аспаса, кеміп жатқан жоқ. Сол себепті, Түркістан қазірде тарихи және туризмдік ірі қала. Бірақ, талайды тамсандырған бұл кесененің құрылысы аяқталмай қалғаны барлығымызға мәлім. Егер бұл кесене аяқталғанда қандай болар еді?
Осындай. Иә, осындай болар еді дейді өзгелер. Мен бұл туралы алғаш рет әлеуметтік желіден оқыдым (кітаптан емес) сондықтан сенер сенбесімді білмедім. Бұл шындық па? Сіз қалай ойлайсыз?