Сары ірімшіктен әзірленген қоспадан дәм татыңыздар! (байқау)

Баршаңызға сәлем!

Ақ ірімшік — сиыр сүтін ашыту арқылы алынатын тағам. Ірімшік ақуызында ағзамызға қажетті амин қышқылы бар, сондықтан ірімшік әртүрлі жастағы адамдарға пайдалы. Оның құрамында сүйектің жетілуіне, жүрек қызметі мен жүйке жүйесіне қажетті фосфор және кальций тұздарына бай.

Ақ  ірімшікті дайындау үшін:  кәстрөлге сүт құйып, айран қосып, ірітіп қайнатады. Баяу отта ірітіп, екі-үш сағат қайнатсаңыз, ірімшіктің сары суы шығып, қызғылт-қоңыр түске ие болады. Осы сары ірімшіктен қоспа тағамын дайындаймыз.

Қажетті азық-түлік:

1) Сары ірімшік

2) Сары май

3) Қант

4) Печенье

5) Талғам бойынша мейіз қосуға болады

Сары ірімшікті ет тартқыштан өткіземіз.

Содан кейін печеньені де еттарқыштан өткіземіз.

Қоспамызға қант қосып, жақсылап араластырамыз.

Сары майды ерітеміз.

Сары майды қоспамызға қосып, араластырамыз.

Талғамыңыз бойынша мейіз қосуға болады. Бірақ мен қосқан жоқпын. Себебі мейізді ұнатпаймын.

Қоспамыз дайын! Ас болсын!

Осымен, сүт тағамдарын әзірлеу мақсатым аяқталды.



Бөлісу: