Бүгін өнерді бағалайтын жандар үшін, әсіресе арманы актриса болғысы келетіндер үшін бір өнер иесін таныстырмақпын. Ол өнер иесі -Сәбира Майқанова. Өнер үшін жаның беруге дайын Майқанова апамыз жолында талай қиындық көрді. Ода балалық шақ деген болмады деуге
болады. Ол өзі туралы :"Мен әке-шеше тәрбиесі, еркін өмір дегеннің не екенін білмей өскен адаммын. Балалық шағымда жақсылық көрмеппiн десем де болады" дейді ол. Яғни, ол бар-жоғы бір жасында әкесінен одан кейін өзімен тетелес інісі Аяжаннан айырылды. Сөйтіп, бір шаңырақтың қайғы-қасіреті зіл батпанға айналды. Одан соң үлкен шешесі Ажардан айырылды. Ал өз шешесі Дәнегүл шеттей бала-шағамен жесір қалды. Өз анасы Дәнегүлде көпке шыдамады.Ал Сәбира өзінің кішкентай сіңлісі -Зағипамен жалғыз қалды. Қыс мезгілінде оның өмірі адам шыдамас жағдайда өтті .Ол өзінің сол кездегі өмірі туралы былай дейді :Қарнымыз аш,лашығымыз болса суық, ендігі тіршілігімiз әр үйдің есігін аңду.Етiксымағымыздың ішіне қар толып кеткеніне қарамай қыстаулардан пана іздейміз. Қайда барсақ та біздің орнымыз-босағаның маңы.Көңілдері келсе, бірер жапырақ нан береді, жақтырмаса, үйлерінен қуып шығады.
Одан кейін ол бойжеткен шағында театрдың талантты жас актрисасы болды. Оның алғашқы рөлі -Алтынай болды.
Ол өмірінің жартысынан көбін театрға арнады. Талай рөлдерде өзінің дарындылығын көрсетті. Оқып отырып көзіме еріксіз жас үйірілді.
Мен жәй ғана өмірін қысқада- нұсқа баяндадым. Әлі оқымаған жандар болса оқып көріңіздер. Уәде берем, Өкінбейсiздер!