Садақ па, жай ма?

Жауынгердің көшпелі өмірінің негізі үш нәрсені білуден тұрады: күресу, садақ ату және ат құлағында ойнау. Бұлар «жігіттің үш ойыны» деп аталады. Мамандығы бойынша бұрғылаушы-инженер Мұрат ҒАБДУСАЛИМОВ осылардың біреуін жетік меңгерген, ол – каратеден қара белдік иегері. Қалған екеуін үйрену үшін ол аянбай еңбектенуде.

Ол қазір садақ атумен әуестеніп жүр.  бұл өнер түрімен айналысып келе жатқанына  он жылдай уақыт болған. Садақтарды өзі жасайды, атысы да жақсы, нысананы дәл көздейді. Болашақта жауынгер ата-бабаларымыздың керемет шеберлігі - ат үстінде садақ ату өнерін меңгеруді армандайды. Біз қолданып жүрген садақ сөзінің түпкі мағынасы да басқаша дейді.

"Әдеби сөздегі мағынасы Садақ емес  бұл жай деп аталады. Садақ деп қорамсақ, жебе, жай салғыштарды айтады. Махамбеттің өлеңдеріндегі беркініп садақ асынбай, біртіндеп жауды қажырмай деген сөздер бар.  Жай деген сөз жиі кездеседі. Түркі елдерінде жай, оқжай т,б айтылады. Тек бізде ғана садақ деп айтылады".

Шебердің  сөзінен көп оқитынын, ізденетінін байқадық. Шеберханасында тарихи-танымдық кітаптар самсап тұр.Ол бұл өнер медитация тәрізді. Жайландырады, шабыт береді. Садақ ату, әсіресе, ат үстінде жебе тарту аса бай тарихымыздың маңызды бір бөлігі. Сондықтан да ол ұмытылмауы тиіс.



Бөлісу: