Роман неге «Өз өтыңды өшірме» деп аталды? (Байқау)

             Міне, байқау мәресіне жетіп қалды, мен де алға қойған мақсатымның біреуіне жеттім. Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романын толықтай оқып бітірдім. Осы туындының тақырыбы неге бұлай аталғанына қызығып, тезірек бітіруге асықтым.

           Сонымен, роман неге «Өз отыңды өшірме» деп аталды?

           Бұл шығармадағы басты кейіпкер Дарханның ұрпағы болмады. Жары Гүлияны құрсақтағы баласымен бірге Оспан деген жауыз атып өлтіріп кеткен еді. Гүлияның тірі кезінде, сол Гүлияның әкесі Омардың інісі Долдашты жер аударғанда жетім қалған баласы Мұратты асырап алған. Бір кездері Дарханды үсік шалып ауруханаға түскенде, біреулер Мұратты балалар үйіне өткізіп тастапты. Содан баласынан айырылған Дархан жалғыз қалады. Көп жылдар өткен соң Дарханды Мұраттың ұлы Жалғас іздеп келеді. Жалғастың айтуынша әкесі Мұрат соғыста қаза тапқан. Кетерінде атасын табуды өсиет етіпті. Немересінің табылуы Дархан үшін өз отының сөнбеуі еді. Иә, ұрпағы тұрғанда, Дархан жаққан от өшпек емес.  

            «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауы арқылы осы романды оқып шыққаныма қуаныштымын. Бұл менің өмірімдегі ұмытылмас шығарма, ұмытылмас байқау.



Бөлісу: