РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ
блог
Республикалық әскери-патриоттық бейнероликтер байқауы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы аясында «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылуда.
І. Мақсаты мен міндеттері
1.1. Республикалық бейнеролик байқау келесі мақсаттарда өткізіледі: жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу, бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесу, жастарды өзінің еліне деген сүйініспеншілікке тәрбиелеу, қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау.
1.2. Бейнеролик байқаудың негізгі міндеттері:
− жас азаматтардың патриоттық тәрбиесінің танымдары мен мінездерін қалыптастыру;
− жас ұрпақты патриотизмге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
− республикалық деңгейде әскери-патриоттық тәрбие бойынша жүйелі жұмыстарды күшейту;
− жастардың әскери-патриоттық сезімдерін ояту;
− қазақстандық әскери қызметшінің имиджін арттыру;
− жастар арасында әскери борыш өтеудің маңыздылын түсіндіру;
− патриоттық парыздың терең түсінігін, Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру;
ІІ. Бейнеролик талаптары
2.1. Бейнеролик байқауының негізгі тақырыбы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу».
2.2. Бейнеролик мағынасы төмендегі тақырыпшалардың бірін қамтуы тиіс:
- «Мен өз елімнің патриотымын»;
- «Әскери борыш – азаматтық парыз»;
- «Мен әскерге барамын»;
- «Әскери-патриоттық тәрбие – тал бесіктен»;
- «Мен болашақ әскери қызметші»
2.3. Байқауға байқаудың тақырыбына сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген (жасалған) бейнероликтер қабылданады;
2.4. Байқауға қатысуға өтінім бейнеролигін ask_almaty_2017@mail.ru электронды почтасына қатысушының аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі және инстаграм парақшасымен рәсімделіп және конкурстық жұмыс осы ережеде көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуі тиіс. Өтінім жұмыстарды конкурсқа қатысушылар тізіміне енгізу үшін қажетті құжат болып табылады. Өтінімсіз ұсынылған материалдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді;
2.5. Байқауға басқа көздерден алынған бейнероликтер мен слайдшоуларға (бейне–хостингтер, әлеуметтік желілер және т. б.) жол берілмейді;
2.6. Байқауға басқа адамдардың қадір-қасиетін және сезімдерін қорлайтын, конкурс тақырыбына сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.
2.7. Бейнероликке қойылатын талаптар:
− байқау бейнероликтері ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберіледі (ask_almaty_2017@mail.ru );
− бейне форматы - mp4;
− бейнероликтің ең көп ұзақтығы – 1 минут;
− тікелей қатысушының бейнероликке қатысуы – міндетті емес;
− бейне роликті құрастыру және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды қолдану-қатысушының қалауы бойынша;
− қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейне клип және т.б.).);
− бейнероликтердің мазмұны ҚР заңнамасы мен мораль нормаларына қайшы келмеуі тиіс;
− қатысушы ұсынылған байқау жұмысының мазмұны мен мәтініне жауапты.
ІІІ. Байқау қатысушылары
3.1. Байқауға 14-29 жас аралығындағы қатысуға ниет білдірген барлық жастар қатыса алады.
3.2. Жеке және ұжымдық жұмыстар жауапты тұлғаны көрсете отырып қабылданады.
3.3. Жұмыс саны шектелмеген.
3.4. Байқауға қатысу тегін.
3.5. Байқау сырттай өткізіледі.
IV. Байқауды ұйымдастырушылар
4.1. Байқауға жалпы басшылықты «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қоры жүзеге асырады.
4.2. Конкурстық комиссияның мүшелері жұмыстарды екі кезеңде қарайды. Бірінші кезең мәлімделген критерийлерге сәйкес келетін бейнероликтерді іріктеу және жариялау тұрады. Екінші кезең іріктелген жұмыстарды Instagram әлеуметтік желісінде көрілім санына және лүпіл санына сәйкес байқау жүлдегерлерін анықтау болып табылады.
V. Жеңімпаздарды анықтау
6.1. Бейнеролик байқауы Instagram әлеуметтік желісінде @ask_almaty инста парақшасында жүргізіледі;
6.2. Жеңімпаздар @ask_almaty инста парақшасында жарияланған бейнероликтердің көрілім және лүпіл санымен анықталады;
6.3. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады:
- «Үздік видео» - фотоаппарат
- Ерекше көзге түскен видеоларға «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагеріне жолдама
VI. Байқауды өткізу мерзімі
7.1. Байқауға жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 30 тамызына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
7.2. Байқау жұмыстары 2019 жылдың 1 қыркүйек күні @ask_almaty инстапарақшасында жарияланады.
7.3. Байқау 2019 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 21:00-де аяқталады.
Республикалық әскери-патриоттық бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ