Рақмет саған, Массагет! (Байқау: қорытынды блог)

          «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» - өскелең ұрпақты шығармашылық пен еңбекке баулып, мақсатқа жеткізер байқау. Екі ай ішінде өзімді шыңдау мақсатында жаңа топпен жұмыс істедім. Байқау барысында қолдау көрсеткен эрудиттер мен мақсатқа жетер жолда мойымау керектігін үйретіп, бағыт-бағдар берген жетекшім Жолдас ағайға алғысым шексіз. 
         
       Менің мақсаттарым:
    - ҰБТ-ға дайындығымды шыңдау;
    - О.Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романын оқу;
    - Оригами өнерін игеріп, бір бұйым жасап шығу;
 
1. ҰБТ-ға дайындалуды мақсат етіп алып, барлық пәндерден білгенімді пысықтап, білмегенімді үйрендім. Дайындық кезінде көмектесетін көптеген әдістер пайдаландым. Дайындығым ойдағыдай. ҰБТ-дан жақсы көрсеткішке ие боларыма сенемін.
2. «Өз отыңды өшірме» романын оқу арқылы өзімді рухани тұрғыдан дамыттым. Салт-дәстүрін сақтаған өткен ғасыр қазақтарының тұрмыс-тіршілігімен таныстым.  
3. Оригамиді толықтай үйреніп, әдемі аққу жасап шықтым. Бұл өнердің қалай пайда болғаны жайлы ақпараттарды біліп, оны Массагет оқырмандарымен де бөлістім.       
 
        Менің байқаудағы мақсатым қарсыластарды жеңіп, жүлде ұту емес, өз-өзімді жеңу. Мен мақсатыма жеттім.
 
 
        P.s.  Бұл байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Байқау бітсе де Массагеттен қол үзбеймін. Рақмет саған, Массагет!                                                


Бөлісу: