Баршаңызға жалынды сəлем!
Тақырыпқа қарап Италия не болмаса пицца жайында мəлімет жазады-ау деп ойлап қалмаңыздар. Бұл блогымда қазіргі таңда жастар арасында кең тараған əрі сүйікті тағамдарының бірі пиццаны мен қалай жасағанымды айтатын боламын. Пицца пісіруді үйреніп, бұл тағамды өз бетіммен жасағым келетін. Міне, бұл ойымда жүзеге асты. Ал енді жасалу жолына көшейік.
Құрамы:
- Жылы су
- Керекті мөлшерде ұн
- 1 шай қасық тұз
- 1 шай қасық ашытқы
- 1 шай қасық өсімдік майы
Бетін əрлеуге:
- Керекті мөлшерде шұжық
- Кішкене ірімшік
- Майонез
- 1 қызанақ ( жартысы да болады)
Ас болсын!