Пиццаның отаны – Италия (Байқау)
блог
Баршаңызға жалынды сəлем!
Тақырыпқа қарап Италия не болмаса пицца жайында мəлімет жазады-ау деп ойлап қалмаңыздар. Бұл блогымда қазіргі таңда жастар арасында кең тараған əрі сүйікті тағамдарының бірі пиццаны мен қалай жасағанымды айтатын боламын. Пицца пісіруді үйреніп, бұл тағамды өз бетіммен жасағым келетін. Міне, бұл ойымда жүзеге асты. Ал енді жасалу жолына көшейік.
Құрамы:
- Жылы су
- Керекті мөлшерде ұн
- 1 шай қасық тұз
- 1 шай қасық ашытқы
- 1 шай қасық өсімдік майы
Бетін əрлеуге:
- Керекті мөлшерде шұжық
- Кішкене ірімшік
- Майонез
- 1 қызанақ ( жартысы да болады)
Жасалу жолына келсек алдымен "құрамы" тізіміндегі заттарды табаққа кезекпен салып, қолмен əбден араластырамыз.
Кейін бетіне майонезді еппен жағып, шұжық пен қызанақты қалауларыңызша орналастырасыздар. Ал мен гүл кескінінде жасалдым жəне ірімшікті үккіштен өткізіп əр жерге себеміз.
Ең соңғы қадам пешке жарты сағатқа 220 градусқа саламыз. Міне, дайын!
Ас болсын!