Қайырлы күн, құрметті Массагеттік достарым. Біз әлемнің жеті кереметін білеміз.Олар: Мысыр пирамидалары; Бабылдың аспалы бағы; Эфестегі Артемида ғимараты; Зевстің мүсіні; Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы; Александрия шамшырағы болса, адамның жеті кереметі не?! Мен осы жайлы ойлана отырып сіздермен өз ойымды бөліссембе дедім.
Ең алғашқы керемет-жүрек, ол адамды өзіне бағындыра алады. Сонымен қатар өмірдің қиынына да, жеңіліне де төзе біледі. Сезім деген құпияда осы жерде сақталған.
Екінші керемет-ми. Барлық дене мүшесі демалып жатқанда ми қызмет етуін жалғастырады. Керек дүниелерде осы жерге сақталып қалады.
Үшінші керемет-көз. Көру жүйесі арқылы ғана адам барлық кереметті, жақсылық пен жамандықты, әдемілікті көре алады.
Төртінші керемет-қол. Сенің істеп жатқан жұмысыңның бәрі осы қол арқылы қызмет атқарады. Қол-қыздардың сұлулығы болса, ер балалардың-күші.
Бесінші керемет-аяқ. Жүру, жүгіру, тіпті көрудің өзі осыған байланысты. Денсаулықтың саулығы да байланысты.
Алтыншы керемет-дауыс. Дауыс адамдардың қарым-қатынас жасауына қажет дүние.
Жетінші керемет-отбасы. Яғни, ата-ана. Олар адамның қос қанаты. Қуаныш пен жақсылыққа толы жандар. Адамға сенім беретін күш-қуат.
Ал осының барлығы денсаулық! Өзіміздегі керемет дүниелерді бағалай білейік!