Өзін-өзі жеңе білген адам - нағыз жеңімпаз...

Өзін-өзі жеңе білген адам - нағыз жеңімпаз...
жеке
блог

              8. Менің ең сүйікті актерім- Джонни Депп. Бүгінге дейін оның әр көзқарасынан нағыз талантты байқаймын. Қанша образ сомдады?! Бірақ, әр образы мен үшін ерекше. Сыныптастарым "Ол кім? Қайда туған? Қай кинода ойнайды?" деп жиі сұрайды. Сондықтан Джонни Депп туралы толық ақпарат берерлік блог жазып, әлеуметтік желілерде бөлісемін.

     Иә, бір апта бұрын алдыма қойған мақсаттарымды тізбектеген едім. Бірден сегізіншісінен бастағалы отырмын.

          Джек Воробейді білесізбе? Әлемдегі ең сәтті коммерциялық жоба  Джек Воробейдің қатысуымен болған "Пираты Карибского моря" фильмі болып табылады.

       Кентукки штатында 1963 жылдың 9 маусымында дүниеге келген Джон Кристофер(Джонни) Депп II бүгінде әлемге гонарары ең жоғары актер ретінде белгілі. Оның музыкант, кинорежиссер, продюссер екенін де осы тұста атап өткенді жөн көрдім. Әлемге әйгілі тұлғалар бес күндік жалған ғұмырдың тезіне шыдап, талай қиындық еңсерген жандар.  Міне, сол ұлылардың бірі де бірегейі - Джонни Депп. Ата-анасы Депп 15 жасқа келген кезінде ажырасып кетеді. Анасының қолында қалған Джонни әке тәрбиесіне қатты зәру болып өсті. Тіпті бала күнінде темекіге әуес, есірткі атаулыға жаны құмар болып өскенін естігенде сенбеп едім. Интернетті жүз ақтарып қарап шықтым. Барлығы осы ақпаратты растайды. Сенбедім. Себебі, мен білетін  Джоннидің ондай жаман қылықтары жоқ. Кейін білдім, әке тәрбиесінің жоқтығы бала өмірін құрта жаздапты. Оның әдебиетке,  музыкаға жаны құмар. 16 жасында мектебін тастап кетсе де, музыка мен әдебиеттен қол үзбеді. Түрлі музыкалық топтарда өнер көрсетті. Оған анасы бала күнінде сыйлаған гитара ең құнды сыйлық еді. Музыкалық өмірі де гитарамен байланысты болды. Дегенмен, кино саласында алғашқы нәтижеге қол жеткізе бастаған шағында ол "екі кеменің басын бірге ұстай алмады". Музыкалық топтан кетіп актерлік қабілетін шыңдай түсті. "Алтын глобус", "Оскар" сыйлықтарының иегері ретінде ең көп кинонаградалар мен премиялардың иесі, нағыз актердің өнеріне тәнті  жанкүйері ретінде ол туралы көп нәрсе айта аламын.  1984 жылдан бастап 64  фильмнің рөлдерін сомдап шықты. Әр образы әр түрлі. Көзқарасынан нағыз талант екенін байқаймын. 

         Ол өмірінің 35 жылын түсініксіз өткізгенін мойындайды. " "Нені қалаймын?" және "Мен кіммін?" деген сұрақ жиі мазалады. Жалғыздықтан жалығып өз көрімді өз қолыммен қаздым: іштім, аз ұйықтадым, пайдасыз дүниелермен айналыстым, поровоз түтіні қалай будақтаса мен де солай темекі шектім. Туыстарым тоқтатпақ болғанда мен оларды түсінген жоқпын. Бірақ олардың сөздері сызылған пластинкадай санама сақталып қалды. Осылай жалғаса бергенде, мен Джонни Депп болмас едім." Бір сұхбатында осылай айтып ағынан жарылды. Балалықтың бал дәмін тата алмай өскен Джонни өміріне риза. Себебі, ол тағдырға налуды үлкен күнә деп білді.

 

       "Біздің өмірімізде неше түрлі жағдайлар болды. Дегенмен, мен басқалармен салыстырғанда өмірімнің жарқын болғанын білемін. Өкінбеймін де. Өкінсем үлкен күнә болар еді."

 

                                                                                                                   Джонни Депп.