Мен Лаханов Ерлан Талғатұлы 2001 жылы, кішігірім Қызылқұм атты қалашықта дүниеге келдім.
Анам кіші жүз болғандықтан, мені кіші жүз батыры Ерланның есімімен атаған! Әкемнің мамандығы дәрігер. Бірақ қазір зейнетке шыққан. Кішкентай кезімнен ата-анам домбыраға үйреткен. Оны хоббиім деп айта аламын. Жазғы демалыста бос отырғанша Массагетпен бірге жаңалық оқығанды жақсы көремін. Жақында Массагет сайтына кірсем, жарыс болып жатқанын көрдім. Осы сайттың тұрақты оқырманы болған соң, жарысқа қатысқым келді. Мен Шымкент қаласындағы №12 дарын мектеп-интернатында білім аламын. Бұл жылы 8-інші сыныпты бітірдім!
Өзім жайлы айтар болсам сүйікті фильмдерімнің барлығы комедия жанрында. Сүйікті әндерім рок және реп сарынмен айтылады. Көбіне ғылыми-фантастикалық жанрында жазылған кітаптарды оқуға қызығамын. Сонымен қатар, физика – сүйіп оқитын пәнім. Болашақ арманым нанотехнолог болу! Осыған байланысты көптеген ғылыми жобаларды жасап, оларды қорғаймын.
Спортпен шұғылданғанды жақсы көремін! Тенниске және футболға көп назар аударамын! Қазір жазғы демалысымды Өскеменде өткізіп жатырмын. Бұл жердің ауа-райы қоңыр салқын. Жиі жаңбыр жауады. Таудың етегі болған соң, онша ыстық емес! Осы Өскемен қаласында бір шумақ өлең арнадым:
Алтай тауы қоршап жатыр айналаны,
Ертіс өзен бөліп жатыр бұл қаланы.
Бұл аймаққа шақырамын сіздерді де
Бір келсеңіз мәңгі есте сақталады!!!