Ойланарлық жайт(байқау)
блог
Сəлем достар!Мақсатым-аптасына бір блог!Қандай тақырыпта болсын,аптасына кем дегенде 1 блог жазу.Сол арқылы өзімнің толғантып жүрген мəселелерімді жазып,басқаларға ой салу.
Автобус іші лық толы.Басым көпшілігі жастар.Көбісі шұқшиып телефоннан бас алар емес.Бір қарағанда телефонның темір торына түскен жандар дерсің.
Автобус тоқтады.Аялдамадан жасы жетпісті алқымдаған қарт кісі мінді.Қоғамдық көлік ішіне көз тастаса,отырарға орын табылмады.Бұл кісіге өз орнын беруге ешкімнің де құлқы болмады.Біреуі телефонмен əлек болса,енді бірі ұйықтап жатқан кейіпте еді.
Қарт үнсіз ғана түрегеліп тұрған жандардың арасына еніп,терең ойға шомды.Осылай терең ойдың құшағында отырған қарт өз аялдамасына да жетті.Автобустан түскен қарттың жанары мұңға толды.Өз кезінде үлкенді сыйлау бірінші орында болғанын,қазіргі күні заманның өзгергені ме?адамның өзгергені ме?деген сұрақ жанын жегідей жеп,жүрегін өкініш кернеген күйі кетіп бара жатты.
Бұл бір ғана мысал!
Қарапайым жағдай дерсіз!Ал енді өзіңіз ойланып көріңізші!сіз санасы бола тұра санасыздың əрекетін жасайтын ұрпақтың қатарынансыз ба?əлде?