Өткенге өкінбей, келешекке күбінбей өмір сүремін

Өткенге өкінбей, келешекке күбінбей өмір сүремін
жеке
блог

Аты-жөнім – Әйтімова Гүлсезім Берікқызы. 2002 жылы 1 маусымда дүниеге келдім. Туып өскен жерім – Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы. 

Өмірлік ұстанымым: Бүгінгі күнмен, қазіргі сәтпен өмір сүру. Өткенге өкініп, сан соқпай, келешекке күбініп, бас ұрмай тіршілік кешсек, өмірдің мәнін түсінеміз.

Еліктейтін тұлғам жоқ, бірақ әр жақсының бойынан қылтанақтай қымбат қасиет көрсем, өз өнбойыма сіңіріп отырамын. Білмегенімді үйреніп, білетінімді жетілдіріп, тек алға ұмтылуға тырысамын.

Бос уақытымда тәтті тағамдар, бәліштер дайындаймын. Оған қоса сүйікті сериалдарымды тамашалап, әртүрлі тілдерді үйренемін.

Байқауға қатысу себебім – талабымды таразылап, жүйрік журналист атану. Басты арманым – тіл байлығымды дамытып, көпшіліктің көзайымы болу.

Массагетте көптеген қызықты ойындар болғанын қалар едім. Өнер сайысы, қолөнер, шығарма жазу секілді жарыстар ұйымдастырылып тұрса деген тілегім бар.

Бұл байқау көп адамға армандарын орындауға септігін тигізеді. Ұйымдастырушы ағайлар мен апайларға мың алғыс!

Байқауға қатысушылардың барлығына сәттілік тілеймін! Ылғи да биіктен көріне беріңіздер.