Қайырлы кеш, құрметті оқырмандарым! Менің мақсатымның бірі жеңіл көлік жүруді үйрену болған. Сол мақсат жолында мен тайсалмай еңбектенудемін. Көлік жүруде маған әрине әкемнің көмегі қажет болады. Ауылға барар жолда маған әкем көлік жүруді үйретті. Ендеше кеттік бастаймыз.
Көлік жүргізу мен ойлағаннан қиын емес екен. Жылдамдыққа мән берсең болғаны.
Басымнан өткен қызық жағдай: Мен көлікті жүргенде жолда жақсы жүрсемде, тоқтау және бастау өте қиын болды. Аяғымды тез-тез жіберген болатынмын. (Оқырмандарымның арасында ГАИ қызметкерлері жоқ шығар?!әзіл ғой)
Сонымен қатар аздаған ережелерге тоқталып өтейік.
-Егер, ГАИ қызметкерлері тоқтатса көлктен түспеңіз, ол талап етуге міндетті емес
- Үйден шығарда, құжаттарды алып жүру
-Жол жиегіндегі ережелерге бағыну
-Алғашқы көмек қорабын алып жүру
-Жаяу жүргіншілерге мән беру
-Алды-артыңа қарап жүру
-Алыс жолға шығарда екінші адам бірге жүру
Сонымен қатар, әрине көлікті дұрыс меңгеу! Мақсатым – айқын!