Өткен өмір - нағыз естелік! (Байқауға)

Өткен өмір - нағыз естелік! (Байқауға)
жеке
блог

     Сәлем достар! Мен бұл аптадағы екінші блогімді жарияламақпын. Ең алдымен өзімнің арқамда сонан соң ақылды әрі еңбекқор жетекшімнің арқасында бәрі де жақсы өтіп жатыр.

Шыны керек өз өзімді жеңіп жатырмын. Бұл жылғы жазғы уақытым өзге жазғы уақыттарыма қарағанда қызықты әрі тиімді өтіп жатыр. Мен өз компьютеріме ҰБТ 2015 5+ программасын орнатып алдым.

Бұл программа маған өте қатты көмектесуде. Мектеп қабырғасында өтілетін 13 пәннен тест сұрақтары екі тілде  жауаптарымен берілген. ент

 

Сонымен қатар математика пәнінен күрделі есептердің шешімдері  толығымен жазылған.Ент

Бұл программа әлі маған талай өз көмегін тигізеді деп ойлаймын. Алда өздерін сынақ күтіп тұрған барша түлектерге осы программаны орнатып алуға кеңес беремін.

   Маған бір кісі өлеңді жоспарлап жазу дұрыс емес деп пікір білдірді. Иә, әрине ол кісінің айтқанымен толықтай келісемін. Өлең ол -өнер. Ал, өнерді жоспарлап жасауға болмайды. "Қалғып кетсем қоштасып кетесің-ау, жұбанышы жанымның- күнім өлең,  жүрегім  бар өзіңде еркелеген, жарты жолда қалдырма , Еркем, өлең" дей келе, "Бірақ кейде мезгілсіз қорқа  берем, сен болмасаң мен кіммін , қалқам өлең?!"- деп киелі де қасиетті өлең өнеріне баға берген Әбілда Аймақ ағамыз өлеңсіз өмірінің жоқ екенін мойындады. Мен аздап қана, қаламым ұшталған сәттерде ғана жазып тұрамын. Мен оның қай уақытта, қандай тақырыпта болатынын білмеймін. Сол сияқты бүгін өткен өмірім  жайлы жазып отырмын. Біз үнемі болашақ жайлы, алда не болатыны туралы ойлап жүреміз. Ал, өткен өмірімізге көп ой жүгірте бермейміз. Негізінде өткен өмірге де есеп беріп тұрған артықтық етпейтін сияқты.

              Өткен өмір

Артымда ізім қалды шиырлаған

Өткен өмір-ақ лента қиылмаған

Дос болды дастарханы жиылмаған

Қас болды дұшпандығы тиылмаған

Қуаныш пен өкініш бәрі де өтті

Құтылмайсың тағдырдан, бұйырғаннан.

 

Сынаптай сырғып уақыт тез өткендей

Ойлайтын, безбендейтін кез жеткендей

Тойдан қайтып келеатқан секілдіміз

Күз жеткендей, өмірде жаз кеткендей

 

Жол білмесең білгенге ересің де

Күш жетпесе жеткенге көнесің де

Тағдыр жетпей келмеске аттанбайсың

Көріп болмай жазылған көресіңді.

 

Өткен өмір сонар із шиырлаған

Іс тындырдым деп айту қиын маған

Қол жеткен нәсіп болған іс істедік

Қол жетпеген шаруа бұйырмаған.

өмір жолы

  Өткен өмірімізден тек тәтті естеліктер қалды. Қандай болсада сіз жүріп өткен жолдың ізі қаларын ұмытпаңыз. Сол себепті арқамызда  тек қана жақсы іздер мен істер қалсын.