Отандық кино жайында (байқау)

Отандық кино жайында (байқау)
жеке
блог

Сәлем достар! Алдарыңызда отандық кино туралы мәліметтер келтірілген. Ал ертең сәрсенбі күні мақсатым бойынша "Үздік 3 Отандық киноны" жариялайтын боламын. Кино-көп өнердің бір түрі, киноматографияның техникалық  негізінде қалыптасқан көркем шығарманың түрі. Кино-әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін және қазігі аудиовизиялық мәдениеттің техникалық жетістіктерін  ұтымды пайдаланатын көп салалы өнердің түрі.Кино туындысын, яғни  фильмді жасауға әртүрлі мамандықтағы шығармашылық  қызметкерлер:   кинодрамматург, режиссер, актер, оператор,суретші, композитот,продюссер,коскадер, экономист, менеджер т.б. қатысады.

Кезеңдері:

1.1895ж - 1918ж.

2. 1920 жылдар.

3.1930ж - 1940ж.

4. 1945жылдан бастап. 

Қазақстанда:

1928 ж.- хроникалық фильмдер

1941ж. – көркем фильмдер 



Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірлді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік «Востокфильм» кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы «Соңғы хабар» атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В. А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі саналатын – Түркістан – Сібір темір жол магистрінің құрылысы жайлы «Түрксіб» атты деректі фильмін қойды. 1934 жылы Алматыда «Кеңестік Қазақстан» киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. «Ленфильм» студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен «Амангелді» (1938ж. Реж.М. З. Левин) көркемфильмін жасады. Қазақ көркем фильмінің тарихы осы туындыдан басталды. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда бірігіп, «Біріккен орталық киностудия» деген атпен өзінің қызметін бастады. 

«Амангелді» (реж. М.З. Левин) 

«Антоша Рыбкин» «Отан үшін» 
(Реж. К.К. Юдин) (реж. Пудовкин) 

«Жауынгер ұлы» 1938-44 ж «Иван Грозный» (Реж. В.П. Строев) (реж. Эйзнштейн) 

«Біздің қаланың жігіті» 
(реж. А.Б. Столпер) 
1944 ж бастап, Алматы көркем және деректі-шежірешілік фильмдер студиясы? 1960 ж Қазақфильм д.а. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдастыру кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарылған. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін? Соғыс жылдарындағы халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған кинолар шықты. 

«Абай әні» «Ш. Уәлиханов» «Махаббат дастаны» 
(1946) (1957) (1954) 

«Қыз жібек
», «Жамбыл».
(1972) (1952) 

«Атаманның ақыры»
,«Орман балладасы», «Ботагөз».
(1970) (1972) (1957) 

«Біздің сүйікті дәрігер» (1957), «Менің атым Қожа» (1963), «Дала әні» (1930), «Тоннель» (1934), «Асау Ертіс жағасында», «Алтын мүйіз» (1958), «Балалық шаққа саяхат» (1969), «Ана мен бала» (1955), «Қанатты сыйлық» (1956), «Қилы кезең» (1968), «Даладағы қуғын» (1979), «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Нан дәмі» т.б. 



Режиссерлер: Мәжит Бегалин, Сұлтанахмет Қожықов, Ораз Әбішев, Шәкен Айманов, Арон Ефим Ефимович, Абдолла Қарсақбаев.

Актерлар және актрисалар: Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серәлі Қожамқұлов, Әмина Өмірзақова, Нұрмұхан Жантөрин, Кененбай Қожабеков, Шырын Жандарбекова, Құман Тастанбеков, Шәрбану Байзақова, Қанабек Байсейітов, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Роза Жаманова, Әбілқасым Жаңбырбаев, Меруерт Өтекешева. 

Құрметті достар маған мына сұрақтарға жауап берсеңдер?!

  1. Кинодан қанлай тәлім-тәрбие алуға болады?
  2. Саған отандық кино ұнай ма әлде шетелдік кино ұнай ма?
  3. Қазіргі қазақстандық кинолар туралы пікірің қандай?
  4. Отандық киноның мәртебесін қалай көтеруге болады?