Осы аптада... (Байқау)

Осы  аптада... (Байқау)
жеке
блог

Баршаңызға жалынды сəлем!

Осы аптаны бес пəннің ішінен қазақ тілінен дайындалуға арнадым. 
Сөйлем жəне сөйлем түрлерін, дауыссыз, дауысты дыбыстарды, сөздердің байланысу тұрлерін, буын жəне тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер жайлы пысықтап шықтым. Кейбірі есте қалса, кейбірін ұмытып та қалыппын. Ендігі алдағы аптамды əдебиетке арнасам деймін.


вамаи
Ағылшыннан керек деген сөйлемдерді жазып, оқып жүрмін. Оқылуларын аудио арқылы тыңдау арқылы үйреніп жүрмін. 
Етістіктің осы шақ, өткен шақтарын дұрыстап меңгеріп, қайталаудамын. Керекті етістіктерді жəне ең маңызды 10 етістікті жаттау үстіндемін. 

егнонл
Тоқтамақ ойым жоқ, үйренерім əлі көп-ақ. Жаз аяқталғанға шейін ағылшыннан орта деңгейге жеткім келеді.

Барлығының өз мақсаттарына біртіндеп жетіп жатқаны көз қуантады. Бəріңе сəттілік!