Оскар Уайльд және оның ертегілері: Тәкаппар Алып (байқау)
жеке
блог
блог
Әр күні балалар мектептен қайта салысымен дәу алыптың бағына ойнауға келетін. Бұл бақ өте әдемі еді. Жердегі шөптер жап-жасыл әрі жұмсақ болатын. Жыл сайын осы бақтан он екі өрік ағашы гүл ашатын. Көктемде бақ алқызыл гүлге оранса, күзде жидектерін төгетін.
Сонымен қатар Алыптың бағы құстардың да сүйікті мекені еді. Құстар сондай тәтті әндер шырқайтын. Ал балалар ойындарын тастап құстардың әсем әнін шырқайтын.
Бір күні дәу Алып үйіне оралды. Ол өзге жақта жеті жыл қонақта болған екен.
Ол келе салысымен балаларды бағынан қуып жіберді. Ал бағының сыртына "Кіруге болмайды. Заңды бұзғандар жазаланады" деп жазып қойды.
Дәу Алып өте сараң, өзімшіл, тәкаппар болып шықты. Байғұс балалар болса енді қайда ойнарларын да білмейді.
Сосын далаға көктем келді. Айналадағы ағаштарға бүрлер біте бастады. Құстар саясына жайғаса бастады. Тек Алыптың ғана бағында әлі де қыс еді.
Содан құстар ол бақта енді ән салмайтын болды. Ағаштар да бүршік жаруды ұмытты. Есесіне бұл жер Қар мен Аяздың сүйікті мекеніне айналды. Сосын артынан олар Солтүстік Желді қонаққа шақырды.
-Алақай! Енді біз бұл жерде жыл бойы тұрақтаймыз! - деп қуанды.
Қар өзінің қалың тоңымен жерді жапты. Ал Аяз болса өзінің күміс түсті бояуымен барлық ағаштарды бояп шықты.
Солай Солтүстік Жел Бұршақты қонаққа шақыруды ұсынды.
Бұршақтың киімі сұр түсті, ал демі мұзды еді.
Күн артынан күн өтті. Алыптың қар басқан бағына қарап көктемді күткеніне біраз болды.
-Ол өте тәкаппар екен! -деді Күз.
Алыптың бағында тек қана Қар, Солтүстік Жел, Бұршақ және Аяз шыр айнала ойнады.
Бір күні Алып ұйқысынан оянғанда әдемі бір әуен естиді. Алыпқа сондай тәтті естілді. Тіпті ол бұл корольдік сазгерлер ме деп те ойлады. Сөйтсе бұл кендір қурайдың ақырын сыбдыры екен. Бұл Алыпқа дүниедегі ең тамаша әндей болды. Сол кезде бақтың қысқы қонақтары да дауылдатуын қойды. Кендір қурайдың мұрын жаратын керемет иісі терезінің ішіне де кіріпті.
-Не болса да көктем енді келуі керек қой! - деп Алып терезеге жақындады. Сосын ол нені көрді десеңізші?!
Бақта балалар асыр салып ойнап жүр еді. Ағаштарға шығып асыр салып жүр. Айнала сондай шуақты еді. Алып оларды көріп қатты қуанды. Ал бақтың бір бұрышында әлі қыс еді. Сонда Алып неге көктемнің әлі күнге дейін келмей жүргенін түсінді.
-Мен қандай өзімшіл болғанмын! - деп Алып қатты өкінді. Сосын далаға қарай беттеді.
Далаға барып бақтың есігін айқара ашып қалды. Сонда балалар Алыптан қорқып қаша жөнелді. Тек бір кішкентай бала ғана бақта қалды. Ол тіпті есіктегі жазуды да көрмеген еді. Көздері жасқа толы. Сосын Алып шыдай алмай қасына барып балаға жақындап бетінен сүйді. Сол кезде қалған балалар Алыптың бұрынғыдан мейірімді бола түскенін көріп бәрі қасына жақындады. Балалар қуанып:
-Бұл енді біздің бағымыз! Алақай! -деп шуласты.
Сол күні балалар күні бойы бақта ойнады. Ал тіршілік қайта оянды.
Кешке таман балалар қайтқан уақытта Алып кішкентай баланы таппай қалады. Оған сондай бауыр басып қалған екен. Сосын оған балалардан сәлем жолдады.
Күндер өте берді. Алып күнде балалармен бақта бірге ойнайтын. Кейінгі кездері қартайғаннан ба, көк орындықта балалар ойынын тамашалап қана отыратын. Қанша күтсе өзі жақсы көріп қалған кішкентай бала келмеді.
Бір күні терезеден Алып әлгі баланы көреді. Көре сала қуаныштан балаға жүгірді. Балаға қараса денесі жараланыпты. Алып:
-Айтшы, кім мына саған жараны салған? Қазір ақ кінәліні қылышпен жазасын берейін!
-Жоқ бұл жара махаббаттан туған. Сен оған қапа болма! Мен сені керемет баққа алып кетуге келдім. Бақтың аты - Жұмақ.
Ертесінде балалар ағаштың саясында жатқан Алыпты көреді.
P.S. ЕРТЕГІМ СІЗДЕРГЕ ҰНАДЫ МА?