Массагет сайтына алғысым шексіз! Мен мұнда тек мақсатыма жетіп қана қоймай, көп жаңа достар таптым! Енді мақсаттарымның қалай орындалғанын айтсам:
1. Ең басты мақсатым ағылшын тілін үйрену еді. Тілді толық меңгере алмасам да деңгейімді жақсарттым тапсырма орындап, сөздік жаздым, сонымен қатар видеосабақтар көрдім. Көптеген мағлұматтар алдым.
2. Сурет салу жоспары да орындалды. Ең алғаш рет гуашьпен жұмыс жасадым.
3. Пианинода ойнап үйренгеніме өз басым қатты қуаныштымын! Қызығушылық болса қолдан барлығы келетінін түсіндім. Толықтай жеткен мақсаттардың бірі!
4. Көп мектеп кітаптарын оқыдым, физика пәнінен қағазға түртіп алған формула қайталап, алгебрадан есеп шығардым. Бұл мақсатым да орындалды.
5. Шахмат ойнауға көп уақыт жұмсамасам да аздап әдіс-тәсіл үйрендім. Бірақ, көп уақыт бөле алмағаным өкінішті.
6. 2 аптадай жаттығуларын жасап жүрсем де гимнастика түгіл бірде-бір спорт түрімен айналыспайтын маған қиын болды. Ары қарай жаттығу жасауға уақыт болмады.
Міне, менің қорытындым осындай. Менің мақсатым 82% орындалды.
Ал сіздер мақсаттарыңызға жетіңіздер ме?