Өркендей бер, Өсе бер Массагет!

Өркендей бер, Өсе бер Массагет!
жеке
блог

Сәлем "Массагеттіктер!"

Сіздерді 5 жылдықтарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге кірген әр сат сайын есіме сонау темір дәуіріндегі сақтар есіме түседі! Менің ойымша сіздер де "Массагет" деп тарихымызды өскелең ұрпақ ұмытпау үшін қойғандарыңызда сенімдімін! Қазақ хандығынан 556 жылдан кейін құрылған "Массагет" сайты тек өсе беріңіздер!

Қазақ елі 500 жылды еңсерді 

Алға қарай қадам басып өскен-ді.

"Дай" атымен қойылған саитта бүгінде

Бес жылдығын артқа тастап өседі.

Массагетті бүгінде жұрт біледі

Керек ойды көңіліне түйеді

Ойлап отсам мен де осы бүгінде

4жыл бойы көрген екем үлгіңді

Геродоттың жазбасымен атаған

Өсе берші "Массагетім" жайнаған

Барлық қазақ баласына пана боп

Тарихымды жеткізші тек ұмтылған!

 

Мен "Массагет" сайтымын қалай таныстым?! 7 сыныптан бері сіздермен біргемін! Бұл сайтты маған алғаш тәтем ашып берген. Сол кезден бастап түрлі қызық оқиғаларды, әсіресе психологиялық тесттерді шешетінмін. Бір қызық оқиғамды да айтып берейін. Мен бірде вконтакте әлеуметтік желісінде "Психология әлемі" деген группа аштым. Ол кезде 8 сынып оқимын-ау шамасы. Қызыққанымнан болу керек, әйтеуір солай жасадым. 8 оқитын қыз мәліметті қалай дайындасын, оған шамамның келмейтінін біліп әрдайым Массагеттен алып жүрдім. Бір күні маған таныс емес адамнан смс келді. Ол кісі маған: "Сіз осындай группаңызға Массагет сайтынан мәлімет алып жүрсіз. Бұл дұрыс емес. Бұлай жасағаныңызды қойыңыз болмаса сізге шағым жазылады.",-деді. Сол күннен бастап Массагет ақпараттарын тек миымда сақтайтын болдым. Ал сол күні маған солай жазған кісі осында әлі жұмыс жасайды ма екен?! Қызық... Сол кездегі қорыққанымды айтып жеткізе алмаймын. Содан бері ол группаға да ештеңе салған емеспін.

Ал бүгінде мен осы группаның тұрақты оқырманы әрі байқауға қатысу мүмкіндігін алдым. Әрине бұл үлкен қуаныш қой. Сол үшін де осы байқауға қатыса алмай қалған өзге оқушылардан мен әлде қайда бақыттырақ екенмін. 

Құрметті "Массагет" сайты! Сіздерге айтар алғысым шексіз! Өсе беріңіздер, өне беріңіздер! Бізге де өз кезегінде Массагеттің тілшісі болу бұйырады деп ойлаймын!