Онсыз өмір - өмір емес, сандырақ

  Жастар қоғамды дамытушы тұлғалар. Олар әрдайым жігерлі де, қуатты болуы тиіс. Еліне деген ыстық махаббатының болуы міндетті. Ал, "өз еліме адал қызмет етемін" деген биік мақсаты бар тұлға ешқашан өз жолынан таймауы тиіс. 
  Мақсат адамға не үшін қажет дейсіз бе? Өмір сүру үшін. Мән-мағыналы өмір сүру үшін. Бақытты болу үшін. 
  Алға қойған мақсаты жоқ адам жеке тұлға болып қалыптаса алмайды. Болашағының жарқын не бұлыңғыр екенін де елестете алмасы хақ. Ол өзінің не үшін өмір сүріп жатқанын да білмейді. Мақсатсыз адам - қанатсыз қыран дер едім. Жо - жоқ, мақсатсыз адамды қалайша қыранға теңемекпін. Жалпы, мақсатсыз өмір - өмір емес дегім келеді. 
  Мақсат - жарқын болашаққа бастар кемел жол. Мақсатты қаққан қазықтай етіп қою бар да, оған төзімділікпен жету бар. Мақсатқа жету жолы нааағыз төзімділік пен сабырдың, адалдықтың сыналар сәті. Әділ, адал жол алға қойған мақсатымызға адастырмай жеткізеді. Мақсатқа жету үшін жоспар құрып, әрекет жасау керек. Алға ұмтылу - өмірдегі ең басты мақсат. Мақсатқа жету жолында көптеген қиындықтар мен сынақтар алдымыздан қарсы алады. Оларға төзе біліу үшін жақындарымыз бен дос-бауырларымыздың, ата-анамыздың көмегі ауадай қажет. Олар сізді мақсатқа жету жолында қайрап, жігерлендіруші рөлін атқарады. Ал олардың ылғи да қасыңыздан табылып қолдарына кім кепіл бола алады? Сонда ол тұлғалар болмаса біздің жігеріміз жермен жексен болып, мақсатымызға басқан қадамымыз кері қайтары ма? Жоқ. Сіз жеке тұлға емессіз бе? Барлығы өз қолыңыздан келеді. Сіз өз-өзіңізді жігерлендіре аласыз. Бұл сәтте сізге мотивация өте қажет. Ал оны қайдан аламыз? Жүректен. "Алға қойған мақсатыма жетемін" деген зор махаббаттан. Одан қала берді, кітаптар мен филімдерден. Дамыған қоғамда кез келген сұрақтың жауабын айнадай ап-анық қылып жеткізе алатын ғаламтор да бар. Бірақ ең қуаттысы алға қойған мақсатқа деген махаббат. Өмір басбалдағынан сүрінбей, адалдық туын тік ұстап, "мақсатыма жетемін" ұранын жүрегіңізге түйіп, алға қарай қадам басыңыз. Адалдық, төзім, ниет. Осы үшеуі сіздің бойыңыздан табылғанда ғана мақсатыңызға сүрінбей, адаспай жетесіз. Ол үшеуі сізде бар. Демек, сіздің қолыңыздан бәрі келеді! Мақсатыңыздың арқасында өзіңізге нұрлы жол, жарқын болашақ жасай аласыз! Бәрі жақсы болады! Алға ұмтыл! Өзгелерге үлгі бол! Уақытыңды босқа өткізбе! Уақыт - қымбат қазына! Берілме! Өзіңді, өзгелерді қадірле! Сабыр ет! Берілме! Арманда! Сол арманың орындалуы үшін әрекет ет! Жігерлен! Жүрегіңе сен!



Бөлісу: