Өмірлік серігім – қаламсап
блог
Сəлем, барша массагет оқырмандары! Мен "Мақсатыңа массагетпен бірге жет" атты байқауға алғаш рет қатысып отырмын.
Көше бойында доп қуып, есі кеткен ойын баласы сəл кідіріп, жер төсінде жатқан ақ қағазды көреді. Бір жапырақ парақшаны ашып, "Өмірлік серігім – қаламсап" атты өрнектеле жазылған тіркесті лезде оқып шығады...
Мен Сауранбай Ақжарқын Кенжебайқызы 2001 жылы қарашаның оныншы жұлдызында Түркістан қаласы, Жаңа Иқан елді мекенінде дүние есігін аштым. 2008 жылы Ұлықбек атындағы орта мектепке қабылдандым.
Өмірдегі ұстанымым: Өзіме жəне өзгеге деген ізет пен құрмет.
Сүйікті тұлғам: Əрбір адам жаратылыс иесі болғандықтан əркімге еліктейді. Біз мұсылман болғандықтан менің пір тұтып, сыйлайтын жалғыз тұлғам – Мұхаммед пайғамбар.
Бос уақытымда айналысатын ісім: Анама қолғабыс етіп, би билеп, əдеби кітаптар оқимын.
Байқауға қатысуға ниет білдірген себебім: Қазақ халқы айтқандай, "Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені". Осы мақалды жаныма жақын тартып, өмірдің бұралаң жолында бұрмаламай, ұстанып келемін. Бұл үш ай демалысымдағы алтын уақытымды бос өткізбей, осы байқауға қатысамын деп шештім.
Мен алдағы уақытта Массагет порталының осындай тəрбиелік мәні мол, өмірдің қадірін түсіндіріп, бос уақыт өткізбеуге баулитын, яғни бұл байқаудан да жоғары сапада, одан əрі тереңдетілген жоба болғанын қалаймын.
Байқау туралы пікірім: Бұл – өте ерекше жəне керемет байқау.
Бұл менің алғашқы блогым болса да сіздерге ұнайды деген ойдамын. Сондықтан да ұнап жатса пікір қалдыруды ұмытпаңыздар.