Өмірлік кеңестер

Өмірлік кеңестер
жеке
блог

 Журналист адам сан қырлы болуы шарт. Сондықтан, менде журналистік шеберлігімді шыңдау мақсатында, бұл кеңестерді аударып, сіздерге ұсынып отырмын. Керек жерлерін түртіп алып, өзіңіз жасыңызға сай кеңестер ойлаңыз.

 

Туылған күнін атап өткен психолог Дон Глускин, өмірдің нені үйреткенін есіне алды.  «Бүгін менің отыз жетінші туылған күнім. Айта кететіні, бұл жылдар қызықты жәйттерге толы болды. Артыма зер салып қарасам, көптеген қиындықтарды жеңіп қазіргі қалпыма жеткенімді көремін. Ана атану мен үшін бұл өмірде ең маңызды нәрсе екенін түсіндім.

Күн жалғастыра отырып өзіңізді тану  және оны басқаларға орындауға көмектесу. Мен 37 жылдан алған сабақтарымның тізімін жасау туралы шешім қабылдадым.

     Сіздер үшін керек болар деген үміттемін.

 1.Бақыт іште. Біз көп уақытымызды жақсылық іздеу арқылы жойып аламыз. Әрқашан да іздегеніміз табылмай жатады. Өзіңіздің жан-дүниеңізге үңіліңіз.

 2.Бәрі үшін алғысымды болыңыз. Жақсылық үшін, жамандық үшін тіпті сұмдық үшін де. Өмір — баға жетпес асыл қазына. Ал рахаттану мен ауыртпашылық — өміріміздің бір кезеңі.

 3.Қабылдауыңызды өзгерту — оған қоса өміріңіз де күрт өзгереді. Қорқыныш,  ашу,  реніш сезімдерін  сезінсеңіз жағдайға басқаша көзқараспен қараңыз.

 4.Бәрін бірдей бақытты қылу мүмкін емес. Қиындау болса да, тырысып бағу керек.

 5.Әлем — бұл айна.  Өзгелерге сүйіспеншілікпен қарағанымызбен, ол қасиеттер өз бойымыздан табылып жатады. Өзгелердегі кемшіліктер алаңдатқан жағдайда, өз бойымыздағыны жөндеу керек.

 6.Әр адам өмірімізге бір мақсат болып келеді. Ол адамнан алған сабақтарды түйіндеу өз шешіміңізге байланысты. Өміріңіз де алатын орыны болмаса, соған қарай сынақта жеңілдей түседі.

 7.Өзіңізге сеніңіз. Алла Тағала бәрін ретке келтіріп, қиындық өтеді де кетеді.

 8.Жүрегіңізге ештеңені жақын қабылдамаңыз. Өзгелердің әрекеті — өздерінің өміріндегі жағдаяты. Заң бойынша, сізге ешқандай қатысы болмайды.

 9.Табиғат емдейді. Таза ауада серуендеу және табиғаттың әдемі көрінестерін тамашалау, пайдасыз ойлардан арылудың кепілі. Өміріңіздің жарқын бейнесі көрініп,  көңіліңіз көтеріледі.

 10.Ренжіген жандар өзгелерді ренжітеді. Сонысына қарамай-ақ оларды жақсы көріңіз.  Дегенмен, ешкім қашықтықта оларды жақсы көруге тыйым салмайды.

 11.Емделу үшін оны сезіну керек.Көз алдыңызға қорқынышыңызбен ауыртпашылығыңызды елестетіп, жарқын күнге бағыттаңыз. Осылай ғана олардан оңай құтыласыз. Шындыққа тіке қарау ауыр болуы мүмкін.  Бірақта шындық соған лайық.

 12. Перфекционизм — бұл қиял. Босаңсыңыз. Биікке ұмыла отырып, өзіңізге қателік жіберуге де, бақытты болуға да мүмкіндік беріңіз.

 13.Шорды алып тастаңыз. Өзіңіздің мақсатыңызбен тілектеріңізді шоғырландыра бермеңіз .Әлемнің сұлулығы мен адамдарын да  жоғалтып алуыңыз да ғажап емес. Өмір ғажайып, егерде оны ұғына алсаңыз.

 14.Жеңістеріңізді атап өтіңіз. Мейлі, кішкене жеңіс болса да, атап өтуге тырысыңыз.

 15. Кешіре біліңіз. Ең бірінші өзіңізге керек, сізді ренжіткен жанға емес. Кешіре біліп жан тыныштығымен тыныштықты иемденесің. Тез әрі оңай кешіре білген жөн.

 16.Бәрімізде керемет түйсік қалыптасқан. Үнсіздік кезінде ішкі дауысыңыз ақыл-кеңес береді. Жүрегіңіздің қалауын тыңдаңыз. Жүрек қана асылды бағалай алады.

 17.Жүрегіңіз ән айтсын! Шынайы болыңыз. Бұл әлемде сіз жалғыз жансыз. Өмірді сүйіп, қалауыңызға тіршілік етіңіз.

 18.Біз барлығын жасаушымыз.  Еңбектеніп биік шыңды бағындыру да қолымызда.  Тек естен шығармаңыз!

 19.Мен сәуле шашамын. Сіз сәуле шашасыз. Бәріміз сәуле шашамыз. Кейбірі сәулесін көлеңкемен көлегейлейді. Бәрінің сәулесі болып шуақ шашып, жол көрсетіңіз.

 20.Өмірді  шын көрмеңіз. Ешкім тірі кетпейді.Күлімдеңіз. Өзіңізге ақымақтау болуға мүмкіндік беріңіз. Уақытты пайдаланыңыз. Көңіл көтеріңіз.

 21.Айналаңызды өзіңізді сүйетін және қолдайтын жандарға толтырыңыз. Өзіңізде оларды қолдап, ұнатыңыз. Өмір  өзгелерді ұнатпайтындай тым қысқа.

 22. Би билеп өзіңізді еркін сезініңіз. Қол жетпес арманыңыз болса, орындауға талпыныңыз. Асықпай, баппен арманыңызды орындаңыз.

23.Көп берсең, екі есе қылып аласың. Даналығыңызбен, махаббатыңызбен, талантыңызбен бөлісіңіз. Бөліскеніңіз алдыңыздан шыққанын сонда байқайсыз.

 24.Өзіңізді тарапқа бөлмеңіз. Ішкі жан дүниеңіз тараптанса, ештеңе бермейді.Қалыпты сақтаңыз.

 25.Барлығына «Иә» деп айтыңыз. Уақыт — ең бағалы ресурс.Ақылмен жұмсаңыз.

 26. Кейде достықты үзіп жатамыз. Бұл біздің немесе досымыздың жаман болғандығынан емес.Жолдарымыз ерекше болғандықтан, қалыпты жағдай орын алады. Егерде қатты кететін кездер болса, ақылыңызбен саралап, межелі жерге нүкте қойыңыз.

 27. Қорқыныш — өмірде нені қалайтынымыздың айғағы. Компасыңыз ретінде қолданып,  қандай да болсын жағдайдың кейіпкері болыңыз.

28. Өзіңіздің қорқынышыңызды жеңу — өте пайдалы әрекет. Уақыт өте келе қолыңыздан бәрі келетініне өзіңізді сендіресіз. Бұл супер құрылғы сізге сенімділігіңізді әкеледі.

29.Біздің денеміз — арманға бастайтын жол. Жақсы көріңіз, күтіңіз. Өзіңді өзіңнің денеңде сезіну — ең бастысы.

 30.Жақындарыңызға әр уақыт жақсы көретініңізді көрсетіп  отыру мүмкін емес. Сөзбен емес іспен көрсеткен жөн. Уақытыңыз, махаббатыңыз  — жақындарыңыз үшін үлкен сыйлық.

 31.Шынайы өмір сүріңіз. Бұл қолымыздағы жалғыз нәрсе. Өткендегі қателіктерден сабақ алып, керемет жәйттерді еске түсіріңіз. Болашақты армандаңыз. Шынайы сүйіңіз.

 32. Өмір атты жүйрік пойыз да белді бекем буып, саяхатты қызықты өткізу дұрысырақ.

33. Біз бәріміз үлкен отбасында тұрамыз. Ешкім бізден кем де, артық емес. Кейбір жолдарда не істеу керектігін бірден түсінеміз. Келесі жолы бұл жолды өзгелері де қайталайды.

34.Тіршілік етіп жүргеніңізге тәубе етіңіз. Айналаңыздағы кереметтерге көз салып, кереметті байқаңыз.

 35. Сіз әлемнің ортасы емессіз. Кейде өзіңізді солай ойлауыңыз да мүмкін.Бірақ олай дұрыс емес. Адамдар мен айналаңызға тереңінен зер салыңыз, сонда көп нәрсені біле де байқай да аласыз.

36. Өмірге ең бастысы махаббат, күлкі, жарық керек.

 37. Сіз өзіңіз үшін керемет тұлғасыз. Көбіне адамдардың ақыл-кеңестерін тыңдап, сеніп жатамыз. Бұның бәріне бірдей сене беру дұрыс емес. Өзіңіз үшін басыңызбен ойланыңыз. Ойлағаныңызды айнытпай жүзеге асырып, әлемдегі ең бақытты жан болыңыз!

 

Жас  — бұл жай ғана сандар. Жасың ұлғайған сайын, даналық пен мүмкіншілік артады.Қазіргідей жастығыңды қайтадан көре алмайсың. Сондықтан жастығыңды пайдалан. Уақытыңды тиімді әрі қызыққа толы қыл! »